Атырау, 11 қазан 10:22
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ертең теңізге шығамыз. Атпаңдар

1 683 просмотра

17 мамырда Солтүстік Каспийде маңғыстаулық шекарашылар тікұшақтан байдаға оқ атты.

«Бекіре» операциясының шеңберінде олар Ми-8 тікұшағымен шолу жасап жүріп, жағалаудан 10 мильдей қашықтықта теңізден бортында үш адамы бар 3 моторлы кемені анықтаған.

- Тоқтау туралы талапқа бағынбаған соң, оларды қарудың көмегімен тоқтатуға шешім қабылданған, - дейді өзінің маңғыстаулық әріптестерінің әрекеттеріне түсінік берген Атырау қаласы 2201 әскери бөлімінің командирі Олег ЗАГРЕБЕЛЬНЫЙ. Ескерту оғынан кейін кемеге бірнеше нысанаға алынған оқ атылды.    

Моторлардың бірі істен шыққан. Қайықтағы адамдар зардап шеккен жоқ. Кеме Жайық сағасына оралып, атыраулық шекарашылардың жауапкершілік аймағына көшкен Кіші Дамбы жағалауына шынжырланып байланды. Тексеру кезінде Атыраудың үш тұрғынының теңізге балық аулауға шыққандығы, оған қажетті барлық рұқсат құжаттары мен лицензиялары бар болғандығы анықталды.

Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 390-бабы (Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимін бұзу) бойынша айып тағылды. Бұдан басқа, Загребельный түсіндіргендей, ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес, теңізге кез келген жүзбелі құралдың шыққандығы туралы шекара қызметіне хабардар етілуі тиіс.

Үш заң бұзушының әрқайсысына 10 АЕК (17310 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 мамыр 2013, 23:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.