Атырау, 26 маусым 07:24
 дождьВ Атырау +23.4
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Уылдырықпен ұсталды

3 830 рет қаралды

Көрнекі суретКөрнекі сурет22 шілде күні Жанбай селосында Исатай АІІБ қызметкерлері 49 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен 4 келідей қара уылдырық, салмағы 10 келідей болатын тұтас бекіре, ау құралдары мен «Гарпун» спутниктік навигаторын тапты.

Сол азаматқа тиесілі об-лыс орталығының Атырау ықшам-ауданындағы жеке үйден ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 1 келі қара уылдырық пен кесектеліп кесілген 114 келі бекіре балығын тауып алды. ҚР ҚК-нің 183-бабы («Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған жанбайлық басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.