Атырау, 21 желтоқсан 11:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мәдениет

Ал сіз киноға түскіңіз келе ме? Мәдениет

Ал сіз киноға түскіңіз келе ме?

Тамыздың басында Атырауда «Қыз жүрегі» атты толықметражды фильмнің түсірілімі басталады. Шілденің 23-і мен 25-сі аралығында «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалының ғимаратында көркем фильмнің кейіпкерлеріне арналған кастинг өткізілді. Кастингтің қорытындысы 28 шілде күні анықталады. 26 шілде 2012, 17:23 7 907 рет қаралды
Сейітжан Голливудқа барар жолда Мәдениет

Сейітжан Голливудқа барар жолда

Ол жеңімпаз атанған жоқ, бірақ ол кеудесін керген қуанышпен шынында да қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, өз табынушысынан мақтау  алды.  Сейітжан СПАНОВ (суретте) өз мақсатына жету үшін  тағы бір қадам жасады: бұл жолы оның сценарийі  режиссер Тимур БЕКМАМБЕТОВ ұйымдастырған ІІІ Халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалінің  сценаристер байқауы финалистерінің  ондығына ілікті. 18 шілде 2012, 21:35 4 156 рет қаралды
Еділ бойындағы қазақтардың әні қандай? Мәдениет

Еділ бойындағы қазақтардың әні қандай?

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерлері «Шетел қазақтарының фольклоры, әдебиеті және музыкалық өнері» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жүзеге асқан мәдени экспедиция барысында Ресейге сапарын аяқтап, Самара, Саратов, Волгоград, Астрахан облыстарында тұрып жатқан қазақтардың әдеби-мәдени өмірімен танысты. Бұл экспедицияда олар Еділ бойындағы қазақтардың ауызекі түрінде сақталған фольклор үлгілерін жинап қайтты. Институттың аға ғылыми қызметкері, өнертану ғылымының кандидаты, музыкатанушы Бақыт ТҰРМАҒАМБЕТОВА әңгімелейді. 4 шілде 2012, 17:33 6 396 рет қаралды
Шеберлердің көне қаласы Мәдениет

Шеберлердің көне қаласы

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ежелгі Атырау облысы ғана емес, Ақтөбе-Лаэти қалашығының барлық аумағында қазба жұмыстарын жүргізуге лицензия алды. Тарих-филология факультетінің студенттері бұл жерде археологиялық тәжірибеден өтеді. Олар өздерінің тапқан алғашқы олжаларын бізге мақтанышпен көрсетті. 20 маусым 2012, 17:56 9 219 рет қаралды
Барды бағалай білейік Мәдениет

Барды бағалай білейік

«Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырған «Сарайшықтан - Астанаға!» атты этно - мәдени экспедициясы облыс аудандарының түгелге дерлік ауылдарын аралап шықты. Аталмыш қордың төрағасы Нұрберген Дәулетовпен экспедицияның жұмысы, жалпы қоғамдық қордың нақты мақсаты жөнінде сұхбаттасқан едік. 20 маусым 2012, 18:24 9 815 рет қаралды
Балаларға қонаққа келді Мәдениет

Балаларға қонаққа келді

Балаларды қорғау күні қарсаңында Атырауға танымал актер Әнуар НҰРПЕЙІСОВ пен орындаушылардың «aTunes» онлайн-конкурсының финалисі Сон ПАСКАЛЬ ат басын тіреген еді. Олар «Ақбота» балалар үйінің, №1 интернаттың және «Шаңырақ» ауылының балаларын құттықтау үшін бір күнге ғана келіпті. 20 маусым 2012, 21:53 4 246 рет қаралды
"Аэлита" достарына арналған Гран-при Мәдениет

"Аэлита" достарына арналған Гран-при

«Аэлита» би-спорт клубы өздеріне демеу болып жүрген жарандарға арнап спорттық билер бойынша Гран-при жүлдесі үшін «Жұлдызды Атырау» мерекелік шарасын өткізді. Ол 15 маусымда «Армада» мейрамханасында өтті. 20 маусым 2012, 22:23 2 592 рет қаралды
Тасқа тіл бітірген Мәдениет

Тасқа тіл бітірген

Бiздiң қалада жақында пайда болған этникалық мүсiндердiң идеялық мағынасын көпшілік түсіне қойған жоқ. Алматыдан мүсіндердің авторы Гүлфия МЕЛДЕШ (суретте) қала тұрғындарына осы жөнінде, мәселен, көне қаланың үстінде құшағын жайып тұрған перiштенiң құпиясын, бұғыға мінген еркек-әйелдiң сырын ашуды және өз шығармасындағы басқа да шеберлік әдістерді түсіндіруді ұйғарды. 13 маусым 2012, 22:40 6 084 рет қаралды
Қазақтың төл киносы Мәдениет

Қазақтың төл киносы

Атырау кинотеатрларында да «Жаужүрек мың бала» фильмі көрсетіліп жатыр. Бұған дейін әйгілі «Рэкетир» арқылы киносүйер қауымға кеңінен танымал болған режиссер Ақан Сатаев жаңа туындысы арқылы қазақпын дегендердің жүрегіне тура жолды тауыпты. Фильмді көріп отырып, бір сәт алпыс екі тамырымызда жаужүрек балалардың қаны бүлкілдеді. 30 мамыр 2012, 16:16 5 783 рет қаралды
Әртістің кейбір сәттері Мәдениет

Әртістің кейбір сәттері

Жуырда Атырауға келген Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық-драма театрының  актрисасы, Қазақ ұлттық өнер институтының профессоры Ләйла БЕКНАЗАР-ХАНИНГА (суретте) әртістер мен театр өнері жайлы өз ойын жергілікті журналистермен бөліскен болатын. 9 мамыр 2012, 15:49 3 055 рет қаралды
Аттарды өткелде ауыстырмайды Мәдениет

Аттарды өткелде ауыстырмайды

Атты экспедицияның мүшелері Атырауда не себепті жаяу қалды? Будапешттен бастау алған «Еуразия» атты тарихи экспедицияның мүшелері Атырауда өз жорықтарын бұзуға мәжбүр болды. Оған себеп – бұл жерден оларға аттар табылмады. 2 мамыр 2012, 22:26 5 932 рет қаралды
Хип-хоп, ла-ла-лэй Мәдениет

Хип-хоп, ла-ла-лэй

18 наурызда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде бірінші республикалық «KING OF THE BEATS» чемпионаты өтті. Жарнамалық жарқағаздар  және интернет сайттардағы хабарландырулар керемет шоу-бағдарламадан дәмелендірді. Оны көруге халық көп ағылды, залға тартыспен кіруге тура келді. Орындық жетпегендер еденге жайғасты. Көрермендердің сахнадағы бишілерден айырмашылығы шамалы: бейсболка, футболка, толстовка, қонышы ұзын кедылер. Бұлар өздерінің бауырларына қолдау танытуға келгендер. 21 наурыз 2012, 16:39 3 253 рет қаралды
Биле, биле, жастық шақ! Мәдениет

Биле, биле, жастық шақ!

Би билеу уақыт өткізу ғана емес. Оның балаларға берер пайдасы зор: есте сақтау қабілетін жақсартуға, қиялдауға себепші болады, физикалық тұрғыда дамытады, ұжымда тіл табысуға үйретеді, тіпті жасқаншақтықты жояды.  Егер кең шалбар мен мол футболка киген балаңыз күрделі па қозғалысын жасайтын болса, ол үшін қорқуға асықпаңыз. Керісінше, қуанғаныңыз абзал – құрдастары сол үшін оны құрмет тұтатын болады. Сенбейсіз бе? Ендеше, кәсіпқой мамандардың не айтатынын тыңдап көріңіз. 15 наурыз 2012, 14:16 13 722 рет қаралды
Сыр ақтарған көркем көрме Мәдениет

Сыр ақтарған көркем көрме

22 ақпан күні «Ақ Желкен» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Атыраудың сырлы жауһарлары» атты ІІ қыз-келіншектер көрмесі ашылды. Қаламыздың кескіндемеші әрі қолөнерші қыз-келіншектері үшін бұл игі шара - халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында жасалған үлкен сый-құрмет.  1 наурыз 2012, 17:58 19 248 рет қаралды
Тоқсан өнер тоғысқан театр Мәдениет

Тоқсан өнер тоғысқан театр

Ақпанның 13-і мен 19-ы күндері аралығында Атырауда өткен Астана Жастар театрының гастрольдік сапары сәтті аяқталды. Осы бір аптаның ішінде бұл театр жергілікті өнерсүйер көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Астана Жастар театрының негізі 2007 жылы қаланған болатын. Ондағы спектакльдер әуезді әндер мен күрделі музыкадан, би мен пантомимадан құралған және энергетикаға толы. Осы ерекшелігімен жас көрермендердің көңілін жаулап, елге танылған. 23 ақпан 2012, 14:48 6 251 рет қаралды
75 ЖАСТАҒЫ АБИТУРИЕНТ Мәдениет

75 ЖАСТАҒЫ АБИТУРИЕНТ

Былтыр 75 жылдық мерейтойын атап өткен танымал композитор, жазушы Илья ЖАҚАНОВ Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасына оқуға түсуге дайындық үстінде. 2 ақпан 2012, 15:24 9 754 рет қаралды
Өнерге ғашық ғұмыр Мәдениет

Өнерге ғашық ғұмыр

28 қаңтар күні Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында белгілі актер Төлеген ЖАНГЕЛДИЕВТІҢ шығармашылық кеші өтті. Дәл сол күні жазушы-драматург Юджин О‘Нилдің «Шырмауық алдындағы шырғалаң» атты қойылымының премьерасында басты рөлді Төлеген  ойнады. Қойылым режиссері -Асылбек ЫХСАН. 2 ақпан 2012, 15:49 5 339 рет қаралды
Күйшілер көшін біздің Карина бастады Мәдениет

Күйшілер көшін біздің Карина бастады

Атыраулық жас  күйші қыз Карина ӘМІРЖАНОВА Алматыда өткен «Күншуақ» республикалық күйшілер сайысында 1-орынға ие болды. Бұл сайыстың ерекшелігі - оған 5 пен 16 жас аралығындағы өнерлі жасөспірімдер қатысқан. 20 қаңтар 2012, 10:21 5 604 рет қаралды
Санкт-Петербургтен Гран-при ұтып алды Мәдениет

Санкт-Петербургтен Гран-при ұтып алды

Атыраулық «ЖасStar» вокалдық дуэті тағы да табысқа жетті. Бұл жолы Ақтоты АСҚАР мен Аслан ЕРТІЛЕУОВ Санкт-Петербургте өткен «Многоголосие народов мира» халықаралық конкурсының гран-при жүлдесін жеңіп алды. 4 қаңтар 2012, 19:58 2 997 рет қаралды
Армысыңдар, атыраулық таланттар Мәдениет

Армысыңдар, атыраулық таланттар

Біздің жаңа айдарымыз қаламыздың даңқын шығарған адамдарға арналады. Кезінде олардың есімдері атыраулықтардың барлығының дерлік аузында жүретін. Олар кімдер? Облысымыз тек мұнай тербелмелерімен ғана емес, музыканттар, спортшылар, әншілер мен ару қыздарымен де мақтана алады. 29 желтоқсан 2011, 18:08 5 862 рет қаралды
Театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: "Шалдар шаршаған жоқ" Мәдениет

Театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: "Шалдар шаршаған жоқ"

Жуырда Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрында «Жаңғырық» атты спектакльдің премьерасы болып өтті. Қойылым жанры – трагикомедия. Режиссері – ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Чапай Зұлқаш. Бұл пьеса жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «Көрген-баққан» әңгімесінің желісімен жазылған. 15 желтоқсан 2011, 15:27 6 017 рет қаралды
Руслан Бердиматов: «Мен туралы әлі де естисіздер!» Мәдениет

Руслан Бердиматов: «Мен туралы әлі де естисіздер!»

Біз жерлесіміз Руслан БЕРДИМАТОВТЫҢ отандық шоу-бизнестің шыңын бағындыру жолындағы жетістіктері жөнінде әлденеше рет жазған едік. Оның еңбекқорлығына қызықпасқа болмайды. Бір жыл бұрын Қазақстанда алғаш рет өткізілген британдық «X-Factor» таланттар шоуының финалисі болып, Джеймс БРАУННЫҢ «Ifeelgood» әнін өзгеше орындауымен есте қалды. Оның осы орындауындағы бейнежазба әлі күнге дейін ғаламтор кеңістігінде үлкен танымалдылыққа ие боп келеді. 8 желтоқсан 2011, 17:38 3 789 рет қаралды