Атырау, 25 желтоқсан 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

«ЖАСSTAR» ЖЕҢІСІ

2 908 просмотра

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері Ялтада «У Чёрного моря» деп аталатын халықаралық ән фестивалінде Гран-приді жеңіп алды.

Бұл «Жасstar» вокалдық дуэтінің алғашқы фестивальдық жеңісі емес. Дегенмен Ақтоты АСҚАР мен Аслан ЕРТІЛЕУОВ музыка факультетінде оқып жатқан жоқ. Ақтоты – болашақ қаржыгер, ал Аслан «жаратылыстану» факультетінде білім алуда. Алайда екеуі де бала кезден музыкамен сусындап өскен, АМУ-ге оқуға түскеннен кейін оқытушы Мақыш ҒАЙСИНАДАН вокалдық дәріс ала бастаған.

Аслан мен Ақтоты енді үстіміздегі жылдың қазанында Мәскеуде өтетін «Многоголосие народов мира» атты халықаралық фестивальдің суперфиналына қатыспақ.

Анастасия ПАСТУХОВА

18 шілде 2012, 21:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.