Атырау, 21 желтоқсан 22:05
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Сейітжан Голливудқа барар жолда

4 022 просмотра

Ол жеңімпаз атанған жоқ, бірақ ол кеудесін керген қуанышпен шынында да қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, өз табынушысынан мақтау  алды.  Сейітжан СПАНОВ (суретте) өз мақсатына жету үшін  тағы бір қадам жасады: бұл жолы оның сценарийі  режиссер Тимур БЕКМАМБЕТОВ ұйымдастырған ІІІ Халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалінің  сценаристер байқауы финалистерінің  ондығына ілікті.

 

АРМАНҒА ҚАНАТ ҚАҚТЫ

Мен ғаламтордан «рационалдық романтизм» дегенді сұрағанымда, интернет те қиналып қалды: ондай түсінік жоқ дейді. Бір ғажабы, ондай рационалды романтик адам бар. Атырау қаласының тұрғыны, Аджиптің мердігер компанияларының бірінің инженер-механигі Сейітжан Спановты – шамасы, бес минутсыз сценарист- режиссер деуге болады.

-Мен киноға бала кезден қызығып өстім, мектеп бітірген бойда режиссерлік курсқа тапсырғым келгеніммен біраз жасқа келіп қалған ата-анамның алдындағы жауапкершілігімді ойладым. Жаныма жақын адамдардың алдымен нағыз мамандық иесі бол деген өтініштерін аяқ асты ете алмадым. Міне, алған мамандығым бойынша екінші жыл еңбек етіп жатырмын. Көкейімдегі арманға енді барлық күш-жігерімді жұмсауға сәт туған секілді. Ақшамды жинап, егер Бекмамбетов өзі жоспарлағандай  Астанадан сценаристер  дайындайтын мектеп ашса соған оқуға бармақпын, онда емес, Мәскеуге барам.

Ол сценарийін өткен жылы жолдаған болатын – тапсырыс Бекмамбетовтің іріктеуінен өтпей қалды, бірақ, оны басқа бір кинофорумда атап өтті. Еуразиялық «Перспективы» кинофестивалі аясында ол «Жас сценаристер» номинациясынан өтті.

Сейітжан кең пейілді, тез тіл тапқыш және табанды жігіт, биылғы жылы да ол өз өтінімін жолдады: бұл жолы екі сценарий жіберді.

– Оның бірі, әдеттегідей 3 беттей ғана қысқаша өтініш жартылай финалға жетті, онда менімен бірге 23 адамның өтініші де  өткен болатын. Бізге 10 күндей мерзім берді. Көпшілігінің сценарийі дайын болды, айталық, жеңімпаз деп танылған пәкістандық тектен шыққан британдық  Файзал КУРЕШИ  есімін атауға болады. Ол кейін баспасөзге берген сұхбатында сценарийі бойынша жеті жыл жұмыс жасағанын айтты. Мен оны жұмыста үзіліс кезінде және үйде түнімен жаздым. Автоаудармашыны қолдандым (халықаралық конкурс талабы бойынша мәтін ағылшын тілінде болуы тиіс), кейін сөздікке қарап дұрыстадым.

65 беттік сценарийді соңғы курстың студенті Спанов берілген мерзімде жазып бітіріп, фестивальға қатысуға шақырту алды.

 

ЖЕРЛЕСТЕР

Батыстың, Ресейдің және қазақстандық жұлдыздар бас қосқан жабық кештің басты қонақтары (фестивальдың мәртебесін шақырылған қонақтар көтереді) француз Венсан КАССЕЛЬ («Багровые реки», «Доберман») және Ресей-Голливуд киносының жұлдызы  тегі атыраулық қазақ еврейі Тимур Бекмамбетов.  Сейітжанның көзіне өз жерлесі оттай басылды, бірі жас сценарист, бірі аты әлемге жайылған режиссер екеуі бір қалада туып қана қоймаған, тіпті, бір мектепте – №17 мектепте оқыған болып шықты. Сейітжан Бекмамбетовті көріп таңданып қалды: жұлдызды режиссер және фестивальдың президенті іс жүзінде адамгершілігі өте жоғары, қарапайым және кәсіби тұрғыда кеңес беруге сараң емес адам боп шықты. 

– Бұл адам өз күшімен Атырау секілді кішкентай қаладан сонау Голливудқа танымал болған менің табынушыларымның бірі. Мен оның жолын қайталағым келеді. Фестивальдан да, Бекмамбетовтен де көңілім қалған жоқ, қайта сүйсінумен болдым.

 – Саған осы секілді, оның ішінде астаналық байқауларға  қатысу қандай мүмкіндіктер береді?

Бұл баға жетпес тәжірибе деуге болады. Мен қазір үлкен жолдың басында тұрмын және маған кәсібилердің бағасы мен кеңестері  аса қажет. Астанада мен диплом ғана алып қойғаным жоқ, болашаққа жолдама алдым десем болады: Тимур біздің сценарийлеріміз басылған брошюраны оның продюсерлік орталығы халықаралық студияларға ұсынатын болады деп уәде етті. Егер жеңімпаз бірден 10 мың доллар ақшалай жүлдені және  студиямен (Бекмамбетовтің «Базелевс» студиясы кез-келген сәтте түсірілімдерді бастай алады, бұл жағдайда сценарист авторлық пайызды алады) опциялық келісім-шартты алса, финалистке қызығушылық білдірген продюсерлер хабарласа алады.

–  Үздік сценарийлер болды ма?

– Иә, бірінші байқау жеңімпазының сценарийі бойынша Бекмамбетов студиясы «Аполлон-18» фильмін түсірді ( $5 млн бюджет  бойынша түсірілген «Aполлон 18»  $25,5 млн кассаны жинады.)

 

МӘТІН ЖАЗУДАН ҚИНАЛАМЫН

– Тимур Бекмамбетовпен не жөнінде сөйлестің?

Ол мектеп туралы, онда жұмыс істеген ұстаздарды, қала туралы көп сұрады. Менің идеям оған ұнапты, ол маған ештеңені өзгертпестен, мәтінді толықтыруыма кеңес берді, оның ойынша мәтін шикілеу болған. Оны өзім де сездім, өйткені, тілге келгенде шорқақтық бар, тұсаукесердің өзі ағылшын тілінде өтті. Халықаралық әділқазылар құрамының өзінде орыс тілінде сөйлейтін екі адам ғана болды. Кейін біз кеште тағы да кездесіп қалдық, ол маған өзінің пошталық мекен-жайын берді. Менің басқа да жобаларымды және «Побег с земли» сценарийінің толық аяқталған жобасын салып жіберуімді сұрады.

- Кино әлемінен сырт қалған адамдар осынау шығармашылық процесті көз алдарына елестете алмайды. Мәселен, мен де солаймын. Ұзақ ойланып отырып, жаңа бір идеяны «тудырасың», міне, керемет, Ньютонның басына  алма түскендей!  

- Идея жетерлік, оған қатысты қиындықтар жоқ. Қинайтыны – мәтін, - деп күледі Сейітжан. – Табандылық, тәртіп керек, өйткені, ең қиыны идеяны жүзеге асыру. Дегенмен, жұмысты жасауға тырысамын, фестивальдан өзіме жеткілікті шабыт алдым десем болады. Және тағы да биылғы жылы өз күшіммен қысқаметражды фильмдерді түсіруді жоспарлап отырмын.

– Ол не туралы болмақ?

– Бәрінен бұрын ол арт-хаус болмақ. Егер жақсы шықса кинофестивальға жолдаймын. Қалай болғанда да мақсатыма жетуге тырысамын.

 

ИДЕЯМДЫ САТҚАН КЕЗІМ ДЕ БОЛДЫ

Егер маған Сейітжанды және сол секілді  балалардың суретін салуды тапсырған болса, онда олар жерде табандап тұрған үлкен күшті аяқтары бар, ұзын созылмалы денесі және төмендегі адамдарға бастары көрінбейтіндей  бұлттардың арасына енгізіп салар едім. Біздің барлығымыздың да арманымыз бар, бірақ ол біздің жүрегіміздің түбінде, сондай армандарын мәлімдеуге батылдары жетіп және сол мақсатпен өздері таңдап алған бағытпен жүретіндер некен-саяқ... 

– Сенің арманыңа деген сенімділігің мені қатты  сүйсіндіреді.

– Бұл арман мені бала кезімнен жетелеп келеді. Алғаш рет интернетке анимациялық фильмдердің байқауына өтініш бергенімде жасым 18-де болатын, сөйтіп мен бестіктің ішіне ендім. Киноның аз да болса дәмін алған соң ба, кейін студенттерге арналған журналистік байқауға қатысып, жүлделі орын алдым. 2009 жылы НТВ бойынша жүріп жатқан «Русский дубль» сериалы үшін бір серияның идеясын сатып жібердім. Алайда, олардың өздерінің сценаристері болғандықтан титрда менің аты-жөнім жазылған жоқ, олар менен тек идеяны ғана сатып алды ғой. Мен тіпті, олардың ол идеяны қолданғанын, не қолданбағанын да білмеймін, сериалды қарамаймын да. Тек байқауға қатыса салдым. 2010 жылы «Қазақфильм» студиясы  «Базелевс» студиясымен бірлесе отырып, киномектептің курсына іріктеу жариялады. Мен сценаристер мектебінен өттім және 15 апта бойына онлайнда тегін оқыдым. Біздерді шетелдік мұғалімдер оқытты, курс аясында біз сценарийлер жаздық, әрбір апта сайын 15 беттен жазып отырдық. Мұғалімдер оларға қатысты түсініктер беріп, талқылап, кемшін тұстарын атап өтті. Бұл курс маған айтарлықтай ақпараттар мен тәжірибе берді десем болады. Енді мен күндізгі бөлімде оқуға дайынмын.

 

Escape from the Ears («Побег с Земли»), фантастика

– Фильмнің желісі қазіргі заманға өрілген, Жер планетасы – жоғары дамыған  тәнсіз және ажалсыз жат жерліктердің қолымен жасалған түрме, алайда, оны адамзат түйсінбейді. Өз қылмыскерлерін олар адамның денесіне салып, осылайша олардың күшін шектеу арқылы жазалайды.

– Демек, адам - олардың қылмыскерлері үшін өзінше бір камера  болғаны ма?

– Иә, солай деуге болады. Жерден келген үш адамға бұл белгілі болады да олар қашып, бұл түрмеден құтылуды ойлайды.

– «Өмір орнына матрица» идеясы  ағайынды Вачовскийлерге тиесілі емес пе еді...

– Иә, бұл жерде тоғысулар  бар, бірақ, менің идеям басқаша өріледі. Байқаудың талабы бойынша мен финалист ретінде сюжеттің барлық деталдарын жариялауға құқылы емеспін.

Бірақ, ол өзін-өзі ұстай алмады ма (нақтырақ айтқанда, мен оны көндірдім бе), көп нәрсені жайып салды. Және оның бәрі қызықты екен. Сюжет үшін пұтқа табынушылықтан, буддизмнен аз-аздан алып, оған қазіргі жастардың ой-қиялын қосып жасаған. Қысқасы, Голливуд тынысына сай деуге болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

18 шілде 2012, 21:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.