Атырау, 24 желтоқсан 01:12
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Көзге ыстық көне үй

6 817 просмотра

Облыстық Ш.Сариев  атындағы өнер мұражайында белгілі суретші Рафаэль СЛЕКЕНОВТЫҢ және австралиялық суретші Стефани ШЕППАРД пен америкалық суретші Вики КРИГЕРДІҢ суреттер көрмесі ашылды.

Стефани ШЕППАРДТЫҢ суретіАтыраулық суретші Р.Слекеновтың шығармашылығы бізге бұрыннын таныс болса, шетелдік суретшілер Стефани мен Вики Атырауға жұмыс бабымен келген болатын. Қазір осында тұрып жатыр. Стефани Викидің өмірдегі құрбысы әрі өнердегі ұстазы. Себебі, Стефани кәсіпқой суретші. Ал Вики жүрек қалауымен бейнелеу өнерінің әлеміне еніп қана қоймай, еліміздің қолөнершілерінен дәріс ала жүріп, құмыра илеуді және батик салуды меңгеріп жүрген әуесқой суретші. Көрмеде осыдан екі жыл бұрын облыстық Н.Жантө-рин атындағы филармонияда өткен концертте қобыз тартып отырған атыраулық қобызшы Гүлжан ЖҰМАТАЕВАНЫҢ да суреті ілінулі тұр.

Вики КРИГЕРДІҢ суреті- Шыны керек, Викидің бұл жұмысы маған тосын сый болды. Мені айнытпай салыпты. Тіпті, менің күй орындап отырғанда қалың ойға шомып кететін тұсыма дейін келтіріп-ті. Ол осыдан екі жыл бұрын менің орындауымдағы Әлқуат Қазақбаевтың «Жаппас қобыз - домбыра» шығармасынан еліне керемет әсер алып қайтқанын айтады. Мен қазақ өнерінің оның жүрегіне жеткеніне қуаныштымын, - дейді қобызшы  Г.Жұматаева.  

Шеппардтың жұмыстары көрмені тамашалауға келген көрермендерге ерекше ұнады. Олар әсіресе, «Жалаңаш тән», «Киіз үй ішінде», «Атыраудағы үй», «Отырған әйел» секілді картиналардан көпке дейін көз алмады. Ол салған қаладағы ескі үйлердің суреті өзімізге ыстық көрінді.

Айнұр САПАРОВА, суретті түсірген автор

9 мамыр 2012, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.