Н. Жантөрин атындағы облыстық филармонияда әнші және ұстаз Мақыш ҒАЙСИНАНЫҢ есеп беру концерті өтті.
М.Ғайсина орындаған шетел және қазақтың классикалық шығармалары залдағы өнерсүйер жұртшылықтың көңілін бір серпілтіп жіберді.
Концертте ол өзінің шәкірттерінің бірі – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Хамит СҮЙЕКБАЕВПЕН бірге бірнеше ән шырқады.
Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Абат КЕНЖЕҒАЛИҰЛЫ кеш иесінің біздің өңіріміздегіәншілік өнердің өркендеуіне қосқан үлесін атап өтті.
-Мақыш Ғайсина ауыл клубтарының әншілеріне, хор, вокал ұжымдарына шеберлік дәрістерін тегін өткізіп тұрады, - дейді А.Кенжеғалиұлы.
Кеш соңында ұстаз өмірде мақтау, мадақтауға емес, жанында қолғабыс жасап жүрген шәкірттерімен қуанатынын айтты. Концерттің «Қуанамын!» деп аталуы да сондықтан екен.
Қазір Мақыш Ғайсина Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде дәріс береді. Ол бүгінге дейін жүзге жуық маман даярлаған тәжірибелі ұстаз.
Айнұр САПАРОВА