Атырау, 4 ақпан 16:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Вокзалдарда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға сүйемелдеу қызметі іске қосылды

106 рет қаралды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясымен» бірлесіп, мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сервис енгізді. Бұл қызмет арқылы вокзал қызметкерлерінің көмегін алдын ала рәсімдеуге болады. 

Жолаушы автокөліктен пойыз вагонына дейін және кері бағытта, сондай-ақ вокзал аумағында толық сүйемелдеумен қамтамасыз етіледі.

Көмекке өтінім беру bilet.railways.kz сайтында қолжетімді. Қазіргі таңда арнайы арбалармен жабдықталған 57 вокзал осы қызметті ұсынады. Егер таңдалған вокзалда сервис уақытша қолжетімсіз болса, билет сатып алу кезінде тиісті опциялар көрсетілмейді.

Қызметті рәсімдеу тәртібі:

  1. bilet.railways.kz сайтынан билет сатып алу;
  2. «Мүгедек» опциясын таңдап, ЖСН мен мүгедектік туралы анықтаманың нөмірін енгізу;
  3. Қажетті көмек түрлерін белгілеу.

Ұсынылатын көмек түрлері:

  • пойызға мінер алдында вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
  • арнайы арба беру;
  • пойыздан түсу кезінде сүйемелдеу;
  • пойыздан түсу кезінде арнайы арба ұсыну.

Өтінімді алдын ала рәсімдеу вокзал қызметкерлеріне дайындалуға мүмкіндік беріп, сапардың барлық кезеңінде жолаушыға уақытылы әрі толыққанды көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жол жүруде жеңілдіктер қарастырылған:

  • әлеуметтік маңызы бар бағыттарда — 50% жеңілдік;
  • «Тальго» коммерциялық пойыздарында арнайы купелерге және ілесіп жүретін адамға арналған орынға — 50% жеңілдік.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы немесе @jolaushylar_tasymaly Instagram парақшасынан алуға болады.

Бүгін, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.