Атырау, 2 желтоқсан 02:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Жәдігерлер жаңғырмақ

2 837 просмотра

Өткен аптада жергілікті зиялы қауым өкілдері облыс аумағында ұйымдастырылғалы отырған  «Жорғабіз» атты этно-мәдени экспедиция жұмысының жай-жапсары туралы өз ойларын ортаға салды.

Басқосуға ақын Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ, күйші Нариман ҮЛКЕНБАЙҰЛЫ, Хан Ордалы Сарайшық тарихи-мемориалдық кешенінің директоры Молдаш БЕРДІМҰРАТОВ, өнертанушы Нұрлан БЕРМАҒАМБЕТОВ, халықаралық қазақ тілі қоғамының Атырау облыстық филиалының төрағасы Әбілхан ТӨЛЕУІШОВ және «Ақ Желкен» шығармашылық орталығының директоры және «Жерұйық» ҮЕҰ жетекшісі Нұрберген ДӘУЛЕТОВ қатысты.

Бұл экспедиция осыдан екі айдан кейін, 10 мамырда басталмақшы. Экспедицияны ұйымдастырушылар – «Ақ Желкен» шығармашылық орталығы мен оның жанынан құрылған «Жерұйық» үкіметтік емес ұйымы. Ұйымдастырушылар экспедицияның бір айға созылатынын айтады.

- Экспедициямыз Исатай-Құрманғазы, Махамбет-Индер және Мақат-Қызылқоға-Жылыой аудандары бойынша үш бағытта жүреді. Төртінші бағытымыз – Атырау қаласы. Экспедиция мүшесі құрамында жиырмаға жуық адам бар, - дейді «Жерұйық» ҮЕҰ жетекшісі Нұрберген ДӘУЛЕТОВ. - Экспедицияның негізгі мақсаты да өңірдің халықтық өнерін жандандыру, мұражайдағы жәдігерлерді күнделікті өмірдегі қолданысқа ие болатындай жағдайға жеткізу. Бұл бірінші мәселе. Екінші мәселе – халықтық өнерді өзінің деңгейіне көтере келе, ұлттық брендке айналдыру, шетелге шығару. Және аудандардағы қолөнершілерге сол жерден шеберхана ашуға мүмкіндік жасап, бұйымдарын сұрыптай келіп, оларды нарыққа шығаруға ықпал ету.

Ал экспедицияның «Жорғабіз» аталуы – зергерлердің қолданатын құралымен тікелей байланысты. Бұл құралмен зергерлер ерте кезде ұсақ әрі күрделі ою-өрнектің қиюын келістіріп, кестелі таңбаны әдемі жасап шығару үшін пайдаланған. Бұл құралмен жұмыс істеу барысында дәлдік, төзімділік, салмақтылық аса қажет. Осы жағын ескерген ұйымдастырушылар экспедиция жұмысы әр істі екшеп қарауды талап етеді деп отыр.

Айнұр САПАРОВА

14 наурыз 2012, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.