Атырау, 23 қараша 06:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Хип-хоп, ла-ла-лэй

3 127 просмотра

18 наурызда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде бірінші республикалық «KING OF THE BEATS» чемпионаты өтті.

Жарнамалық жарқағаздар  және интернет сайттардағы хабарландырулар керемет шоу-бағдарламадан дәмелендірді. Оны көруге халық көп ағылды, залға тартыспен кіруге тура келді. Орындық жетпегендер еденге жайғасты. Көрермендердің сахнадағы бишілерден айырмашылығы шамалы: бейсболка, футболка, толстовка, қонышы ұзын кедылер. Бұлар өздерінің бауырларына қолдау танытуға келгендер.

Чемпионаттың ұйымдастырушысы Атыраудағы танымал«STEP RHYTHM» би мектебі болды. Бұл балалардың біраз жинақтаған тәжірибесі бар, өткен жылы олар көше билерінің фестивалін ұйымдастырған еді. Содан бері олардың жұмыстарының деңгейі өсті, қатысушылардың географиясы да кеңейді: Атырауға Қазақстанның барлық түкпірінен, Дондағы Ростовтан, Астраханнан, Мәскеуден және Элистен бишілер қосылды. Көше билері әлеміндегі барынша танымал тұлғалар Мәскеуден келген B. Boy Jamal Predatorz Clan (Джамал),  Владикавказдан келген  Одиссей және  Расул Мульт (Махачкала) төрешілер құрамында болды. Чемпионатқа дейін олар жас бишілер үшін шеберлік дәрістерін өткізіп үлгерді.

 – Балалардың деңгейі маған ұнады, олардың барлығы да талантты, музыкалық жағынан да білімді. Базалық дайындық жетіспейді, дегенмен, олардың рухтары жоғары, би шеңберіне ұмтылып тұр, демек олардың жолы болады деген сөз, – деп атап өтті Джамал.

– Мен Атырауға досым Одиссеймен бірге алғаш келіп тұрмын. Ол екеуміз бір командада билейміз. Ол Қазақстанда екі рет болды, оған мұндағылар ұнайды. Бүгін ол төреші болып отырады, ал, менің билегім келеді,– деп әңгімелейді биші Гео. Ол чемпионаттың  бар болғаны республикалық мәртебе алып отырғандығына қымсынып та тұрған жоқ:

- Хип-хоп билегендердің барлығы бір-біріне бауыр, сондықтан да бірде-біреуі елге, республикаға, ұлтқа және нәсілге бөлінбейді. Бастапқыда олардың барлығы да биді Джастин  Тимберлейктің Крис Браунның клиптеріне қарап үйренді, ал, кейін тарихи  бай хип-хоп мәдениетіне  ден қойды. Ал, қазір new style шықты, енді бишілер хип-хопқа бірнеше стилді араластырып, өздерінше бірдеңе ойлап тауып, түрлендіріп отырады.

Шоу бағдарламаны  Оралдан келген МС Каракурт жүргізді. Дәлірек айтқанда, бағдарламаның бір бөлігі оның өзіне арналғандай болды, залдағы көрерменнің көңіл-күйін үнемі көтеріңкі күйде ұстады. Қатысушыларға батылдық сыйлап, кейде сахнада өзі де өнер көрсетті.

Осының бәрін бағдарлай отырып, маған мынадай ой келді: соңғы кездері облыстық, қалалық  мәдениет басқармаларының жоғары деңгейдегі фестивальдарды өткізуден қалып, тек кезекші мерекелік шаралармен ғана шектеліп қалғандығы бәлкім, жақсылыққа болар, жастарға бастаманы өз қолдарына алу керек және олардың қолынан ол келіп те тұр. Олар қонақтарды да қарсылап, залдағы орындарды белгілеп, қатысушылардың жағдайын біліп, төрешілерді де ұмыт қалдырмай қызмет көрсетуді үлкендерден артық ұйымдастыра білді десе болады.

Атырауда электродэнс стиліндегі бишілер қойылымы керемет болды, сондай-ақ, хип-хоперлер арасындағы баттлы стиліндегі бишілер өнері де көптің көңілінен шықты. «АБД» хип-хоп командасының өнерін атап өтпеске болмайды, балалар жақсы билеп қана қоймайды, әзілдерімен де көрерменді тарта білді. Ақтөбеден келген қонақтар – Алан, Женя және қыздар өте белсенділік танытты. Әрине, ресейліктер де өз шеберліктерін таныта білді.

Фестиваль қорытындысында  электродэнс стилі бойынша жеңімпаз атыраулық Игорь РОЖКОВ болды, ал, брейкдэнс 2х2 санаты бойынша  – Шома және Мени (Атырау), жаңа бастағандар арасында брейкдэнс санаты бойынша – Сайран  жеңіске жетті. Олда  Атыраудан.

Ақтөбеден келген «Бум-бокс» командасыныңқойылымы ең таңдаулы шоу болды. Дондағы Ростовтан келген Гео кәсіби хип-хоп санаты бойынша бірінші орынды иеленді. Ал, жастар арасынан ақтөбелік «Арна» ерекше көзге түсті.

– Чемпионат көрерменге де, келген қонақтарға ұнады,  – дейді «STEP RHYTHM» мектебінің  жетекшісі  Ерболат РЫСПАЕВ. – Олар бізге тағы да келуге уәде берді.

Show must go on!

Зульфия ИСКАЛИЕВА,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 наурыз 2012, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.