Атырау, 24 желтоқсан 01:29
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Тарихи-мәдени экспедиция басталды

2 660 просмотра

11 мамыр күні «Сарайшықтан-Астанаға!» атты «Жерұйық» мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы ұйытқы болған  этно-мәдени экспедициясы өз жұмысын бастайды. 

- Біз облыстың барлық аудандарын аралап шығамыз,-деп түсіндіреді «Жерұйық» қоғамдық ұйымының  жетекшісі Нұрберген ДӘУЛЕТОВ.- Мақсатымыз - ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттау, сақтап қалу, жергілікті жерлердегі көнекөз хас шеберлерді немесе олардың өнерін жалғап келе жатқан ізбасарларын тауып, өнерін жалғау, қазіргі өмір салтының ажырамас бөлігі болып қала беруіне мүмкіндік жасау үшін жергілікті ауылдық елді-мекендерде шеберханалар ашу, ұлттық құнды қолөнер игіліктерін жинастыру және олардың картотекасын жасақтап, мұрағаттық материалдар жинақтау.

Сондай-ақ, қазаққа сай туындыларды (киіз, текемет, алаша, ши, қамшы, ер-тоқым, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар, ұстаханалық жәдігерлер, керамикалық бұйымдар, тоқыма жұмыстары, ұлттық киім үлгілері мен үй жиһаздары мен жабын- төсеніштері) тек қана өнер жәдігері емес, болмыс-бітіміне реңк беріп, қажет-тілігін де өтейтін  ажырамас өмір салтына айналдыруды мүдделі межеміз деп білеміз.

-  Неге  «Сарайшықтан-Астанаға!» ...

- Экспедициялардың қорытындылары бойынша анықталған туындылар облыс орталығына әкелінеді. Комиссия құрылып, оның ұйғарымы бойынша сараптамадан өткен жұмыстар, қайтадан өңделуден өткізіліп, алдыменен Атырау қаласында көрме ұйымдастырылып, арнайы кітап шығарылады. Кітаптың тұсаукесері Астана қаласында өткізіліп, көрме ұйымдастыру жоспарлануда.

Айнұр САПАРОВА

9 мамыр 2012, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.