Атырау, 24 желтоқсан 01:02
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Әртістің кейбір сәттері

2 896 просмотра

Жуырда Атырауға келген Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық-драма театрының  актрисасы, Қазақ ұлттық өнер институтының профессоры Ләйла БЕКНАЗАР-ХАНИНГА (суретте) әртістер мен театр өнері жайлы өз ойын жергілікті журналистермен бөліскен болатын.

- Кейбір адамдар актердің өмірі оңай деп ойлап, көп қателеседі. Өз басым бір образды сомдау үшін көп зерттеу жүргіземін. Ол өмір сүрген кезеңдегі салт-дәстүрді, мәдениетті, саясатты зерттеуің керек. Бір образды жасау - кандидаттық диссертацияны қорғаумен тең. Адамға бір-ақ өмір беріледі. Мен бір ғұмырымда бірнеше рөлдерді ойнаймын, неше түрлі тағдырды саламын. Осының өзі менің бақытым деп санаймын, - дейді Л.Бекназар-Ханинга.

Ол Атырауда театрға аса көңіл  бөлінбейтініне де реніш білдіреді. 

-Керек десеңіз, театр – қазақ тілін үйренетін жер. Қазір жастар кітапты оқымайды, бәрін интернеттен қарайды. Кейде осы біздің жастар мәңгүрт болып бара ма, деп ойлаймын. Сонда ШЕКСПИРМЕН қалай танысуға болады? МОЛЬЕРДІ кім біледі? Мұхтар ӘУЕЗОВТЫ, Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВТЫ, Ғабит МҮСІРЕПОВТЫ қайдан естуге болады? Тек сахнадан. Сондықтан театрға келу керек,- деп санайды  Ләйла Бекназар-Ханинга.

Айнұр САПАРОВА

9 мамыр 2012, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.