Атырау, 23 желтоқсан 14:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Шежіре сағасы» жұртшылық қолына тиді

5 234 просмотра

Атырау облысы туралы фотоальбом жарық көрді

Алыстағының бәрі керемет боп көз тартады. Біздің туған жеріміз туралы ғажайып кадрларда оның табиғатының шебер бейнеленгендігі соншалық, көкшіл, зүбаржат реңнен көзіңді бір ала алмайсың. «Ұлы дала түстері» топтамасы бойынша жуырда ғана дүкен сөрелеріне түскен алғашқы фотоальбомды жоба авторлары Атырауға арнапты. Бұл кітап «Шежіре сағасы» деп аталады. 

- Атырау, әрине, Алатау емес – «оны әдемі жасау» жеңіл жұмыс емес, бірақ, қай жерде де сиқырлы сырға толы бұрыштар бар. Ал, сол жерлерді тауып, суретке түсіру тапсырыс берушіміз «Алдоңғар» қоғамдық қорының  бізге жүктеген  міндеті болды, - дейді бізге телефон арқылы хабарласқан кәсіби фотосуретші  Олег БЕЛЯЛОВ (Алматы).

- Сіздің назарыңызға іліккен сиқырлы деген жерлер қайда? 

- Қаладан сәл алысқа шықсаңыз болады. Түсінесіздер ме, біз (Беляловтың жоба бойынша серіктесі фотограф Николай ПОСТНИКОВ) жағымсыз нәрселерді іздеп жүргеніміз жоқ. Кім нені көздейді, ол соған қалайда қолын жеткізеді. Қоқиқазды күзде Каспийде түсіріп алдық, ал, басқа бір көрініс үшін ауылға бардық, құстар мен  судың тасуын Қиғаштың үстінен тікұшақтан түсірдік...

- Кейбір кадрлардағы ерекше зүбаржаттай- жасыл түсті бейне шындықтың бейнесі ме, әлде бұл фотошоптың сиқыры ма?

- Түсінесіз бе, біз ескі классикалық мектептің шеберлеріміз және фотошопты меңгере алмадық деп мойындаудың өзі ұят, дегенмен жасымыз 20-да емес, бізге бірден қағып алып, үйреніп кету қиындау. Бірінші кітап үшін бірнеше ондаған мың кадрлар жасалды, оның ішінен альбомға тек үш жүзден аса ғана суреттер енгізілді. Атыраудағы түсірілімдер 2011 жыл бойына  жүргізілді. Біз сіздерге әр түрлі маусымда бес рет ұшып бардық. Жоба авторы («Алдоңғар» қорының негізін салушы Борис Шырдабаев) өзі Атырау топырағында дүниеге келгендіктен дәл осы Атыраудан бастауымызды қалады.

Кітап сатылымға түсіп үлгерді. Кітапта Бақыт Қайырбековтің өлең мәтіндерімен берілген 320-дан аса түсірілімдер бар. Оның бағасы 20 мың теңгеден кем емес.

- Алайда біздің мақсатымыз – отандық және шетелдік аудиторияға Қазақстанның табиғи байлығы мен оның сұлулығын, еліміздің тарихи және мәдени мұрасын және қазіргі заманғы сурет өнері мен полиграфиялық эстетиканың таңдаулы дәстүрлерін паш ету болып табылады,- дейді қор өкілі Мейіржан ҚҰРМАНОВ.

Бәлкім, бастысы – альбомның  неге екені белгісіз көңілге күптілеу, үрейлі әсер қалдыратындығында болар, өйткені, ондағы сұлулықтың бәрі жоғалып кетуі ғажап емес. Атыраудағы сұлулықты тауып, қағазға түсіру үшін талант қажет, ал, оны сақтап қалу үшін Каспийге тыныштық керек...

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суреттер voxpopuli.kz сайтынан алынды

14 наурыз 2012, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.