Атырау, 4 ақпан 14:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

​Греция жағалауында патрульдік катер мен мигранттар қайығы соқтығысып, 14 мигрант қаза тапты

94 рет қаралды

Грекияның Хиос аралы маңында жағалау күзетінің патрульдік катері мен заңсыз мигранттар отырған қайық соқтығысып, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды АА.

Грекия жағалау күзеті басқармасының хабарлауынша, оқиға Мирсинидиу аймағындағы ашық теңізде болған. Қайықтағы барлық жолаушылар суға құлап кеткен.

Грекияның мемлекеттік ERT телеарнасы мәлімдегендей, апат салдарынан 14 мигрант қаза тапты, ал жағалау күзетінің екі қызметкері жарақат алды.

Билік дерегіне сәйкес, аман қалған 24 мигрант Хиос аралының мемлекеттік ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілуде.

Қазіргі уақытта жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда. Операцияға жағалау күзеті мен құтқару қызметтері жұмылдырылған.

Бүгін, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.