Атырау, 21 желтоқсан 13:20
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Адал нотариус Сұрақ-жауап

Адал нотариус

- Біз жер телімін алғанбыз. Сатып алу-сату мәмілесін демалыс күні нотариустан жасадық. Рәсім барысында сатушы ХҚКО-дан бір күн ғана әрекет ететін сатып алатын жерінің мүліктік ауыртпалығы жоқтығы жөнінде анықтаманы сол демалыс күні алғаны бізді таңғалдырды. Сондай-ақ мәміле жасау аяқталғаннан кейін нотариус бізге жердің мемлекеттік актісінің түпнұсқасын емес, көшірмесін бергені түсініксіз болды. Сонымен қатар нотариус жер телімін тіркеуді де осы кеңседен жасауды ұсынды. Мұның бәрі қаншалықты заңды? 1 тамыз 2013, 00:00 3 005 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үй салуға рұқсат

- Мен Тайманов көшесі бойындағы 24 үй тұрғынымын. 2010 жылы қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне өзімнің ескі үйімді бұзып, орнына жаңа үй салуға рұқсат сұрап жолыққан едім. Сол кезде бөлімдегілер Атырау қаласының Бас жоспарына сәйкес, Тайманов көшесін бойындағы үйлер бұзу аймағында екенін ескертіп,  рұқсат берілмейтінін айтқан еді. Бірақ одан бері көше тұрғындарының көпшілігі жаңа тұрғын үй салып алды. Үйлердің қай уақытта күрелетіндігін немесе рұқсат берілетін-берілмейтіндігін білгім келеді. 1 тамыз 2013, 00:00 2 410 рет қаралды
Сұрақ-жауап

...Сіздің қалуыңызды өтінемін

– Диплом алу үшін АМУ стденттері кету қағазын тапсырулары тиіс. Тізімде жазылған әскери комиссариаттағылар да медкомиссиядан өтуді талап еткен. Осы заңды ма? Менің білуімше, комиссия тек күзде ғана болады ғой. 25 шілде 2013, 00:00 3 128 рет қаралды
Есепшотты әкеліңіз! Сұрақ-жауап

Есепшотты әкеліңіз!

– Неліктен «Қазақтелеком» үйге төлем түбіртектерін жібермейді? Менде ай сайын (абоненттік төлемге, қалааралық және ұялы байланыс қоңырауларына) әр түрлі сома шығады. Терминалдың «Жеке кабинетінде» толық тізім көрсетілмейді және терминал ақша қайтармайды. Мұндай жағдайда не істеу керек? 25 шілде 2013, 00:00 3 861 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жаңа көшеге - жаңа тақтайша

- Қала әкімінің 2011 жылдың 12 мамырындағы шешімі бойынша Новоселов көшесіне Өтепқали Әлжанов есімі берілген болатын. Біздер осы көшеде тұратындықтан, бұл кісінің кім болғаны жөнінде білгіміз келеді. Көше атауы өзгеруіне байланысты үй құжаттарын қайта ресімдеу керекпіз бе? Сонымен қатар көше атауы жазылған тақтайшалар қашан орнатылады? 27 маусым 2013, 00:00 2 683 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Байланыс маусымда қосылады

– Неліктен «Қазақтелеком» АҚ Атырау ОТД-ның Самал ықшамауданынан оптикалық-талшықты телефон желісін орнатуға асықпай отырғанын анықтауға қол ұшын берсеңіздер екен. Біз жұмыстардың қабылдануын және ресми түрде іске қосылуын көптен күтіп жүрміз (телефон желісіне өтінішіміздің берілгеніне көп болды). Сонда «Қазақтелеком» басшылығының клиенттердің көбеюіне мүдделі болмай отырғаны ма? 6 маусым 2013, 00:00 2 328 рет қаралды
Жаңа нөмірге қоңырау шал Сұрақ-жауап

Жаңа нөмірге қоңырау шал

– 7 жылдан бері өз пәтерімізде тұрамыз. Кенет банктердің бірінің жергілікті филиалы мен бас кеңсесінен әлдебір борышкерді іздеп, қоңырау шала бастады. Біздің оған еш қатысымыз жоқ екенін әлденеше рет түсіндірген едік, онымыздан түк шықпады. Бұл телефон нөмірін ауыстыру үшін негіз бола ала ма? Егер негіз болса, мұны қалай жасау керек? 23 мамыр 2013, 00:00 2 676 рет қаралды
Тұрбалар туралы Сұрақ-жауап

Тұрбалар туралы

– Біз Верхняя Садовая (Бірінші учаске) тұйық көшесінің тұрғындарымыз. Жақында жергілікті теледидардан бізге ескі су құбыры тұрбасынан жаңасына қосылуымыз керектігі туралы хабарландыруды көрдік. Осыған байланысты «бізді «Атырау СуАрнасына» кім қосады?» деген сұрақтар туып тұр. Мұндай жағдайда жұмыстар тегін бе, ақылы ма? Әлде өзіміз біреуді жалдауға тиіспіз бе? 2007 жылы біз өз қаржымызға өзіміз үшін желі жүргізіп, техникалық шарттарды төлеген едік. Енді жаңа техникалық шарт үшін төлеуіміз керек пе? 2 мамыр 2013, 00:00 2 207 рет қаралды
Тыйымның көмегі бар Сұрақ-жауап

Тыйымның көмегі бар

– Күйеуім екеуміз ажырасқалы жатырмыз. Бүкіл мүлік күйеуімнің атына ресімделген. Ол менің келісімімсіз пәтерді немесе көлікті сатып жібере ме деп алаңдаймын. Өйткені келісімшарт жасау кезінде нотариустың отбасылық жағдайы туралы сұрағына ол ешкіммен некеде жоқпын деп жауап беруі мүмкін ғой. Нотариустар келісімшарттар жасағанда ерлі-зайыптылардың бірінің келісімі қажет болса, азаматтардың отбасылық жағдайын қалай тексере алады? 18 сәуір 2013, 00:00 2 795 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қашықтан көрсетілетін қызмет

– Менің марқұм күйеуім «Республика» зейнетақы қорының салымшысы болған еді. Тиесілі жарты жыл өткен соң, мұрагерлік құқығым бойынша оның зейнетақы жарналарын өзіме қайта ресімдеу үшін барған едім. Бірақ Атырау филиалының есігі тарс жабық екен және ешқандай ақпарат жазылмаған. Біз ғаламтор бетінде көрсетілген барлық телефон нөмірлеріне қоңырау шалдық. Бірақ еш жерді ала алмай отырмыз. Не болғанын білгіміз келеді. Енді не істейміз? 18 сәуір 2013, 00:00 1 928 рет қаралды
Ерекше режимдегі көше Сұрақ-жауап

Ерекше режимдегі көше

– Күн жылынған мезгілде Досмұхамедов көшесінің бойындағы 93-үйіміздің ауласына сол маңдағы жастардың бәрі жиналады. Тұрғындардың ескертпелеріне құлақ аспастан, шулап, ауыздарына келгенді айтып, ішімдік ішеді. Биыл сыртқы бақылау камераларын Досмұхамедов, 93 мекен-жайының бойындағы жолға орнату жергілікті биліктің жоспарында бар ма? Камералардың болуы ауданымыздағы жағдайға ықпалын тигізер еді деп есептейміз. 4 сәуір 2013, 00:00 1 893 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ынталандыру және жазалау

– Біз ірі кәсіпорында жұмыс істейміз. Еңбекақымыз белгіленген жалақымен және ай сайынғы еңбекке қатысу коэффициентімен (КТУ) төленеді. Жалақымыз көп емес, бірақ КТУ-дың арқасында көбірек табыс табуға болады. Кәсіпорнымызда орын алған өрт оқиғасынан кейін басшылық жіберілген ұқыпсыздық үшін жаза ретінде бізді КТУ-дан айыратынын мәлімдеді. Сөйтіп біз тек айлық жалақымызды ғана алдық. Бірақ біршама уақыт өтсе де, КТУ есептемейтін болды. Бізді жазалайтын себептер табыла берді. Бұл жағдайда жұмыс берушінің әрекеті қаншалықты заңды? Оның өз қалауынша жұмысшыларын үстеме ақыдан айыруға қақысы бар ма? 28 наурыз 2013, 00:00 3 732 рет қаралды
«Лифт істеп тұр ма?» Сұрақ-жауап

«Лифт істеп тұр ма?»

– Мен көп уақыттан бері ауыз су жеткізумен айналысатын Waterlife компаниясының тұтынушысымын. Бүгінгі күнге дейін қиындық туындамай, суды уақытында жеткізетін. Бірақ соңғы кездері курьерлер жоғарғы қабаттарға көтерілуден бас тартатын болған. Біз 10-қабатта тұрамыз. Ал, өкінішке орай, лифт бірде жасаса, бірде жасамай қалады... 28 наурыз 2013, 00:00 2 237 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есірткіге жол жоқ!

– Өткен жылдың аяғында облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері облыстағы мейрамханалар мен түнгі клубтарға жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұндай шаралардың мақсаты – есірткіні пайдаланатын немесе сатумен айналысатын тұлғаларды анықтау. Операция айқай-шумен, автоматтармен, «Бүркіт» арнайы жасағы қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Жастар ұсталып, оларға қатысты қылмыстық істер қозғалды... 28 наурыз 2013, 00:00 3 295 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мектепте оқуға ата-анасының қолхаты керек

«Менің 7 жасар қызым 1-типті (инсулинге тәуелді) қант диабетіне шалдыққан. Ол - І топ мүгедегі. Мемлекеттен айына барлығын қосқанда 38 мың теңге көмек аламыз. Мәселе мынада болып отыр: қандағы қант деңгейін әрбір екі сағат сайын, яғни күніне 8 рет өлшеп, 5 рет дәрі егу керектігі ұсынылған. Яғни, біз айына тест-жолақтың 2,5 орамасын (бір орамада 100 дана бар) және шприц-қалам үшін 150 ине (бір орамада 100 ине болады, бір қораптың құны – 3000 теңге) пайдаланамыз. 21 наурыз 2013, 00:00 16 595 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жасөспірімдерге жоламасын

- ҚР Еңбек Кодексінің 31-бабында жаңа талап пайда болды. Кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесі  және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасқан кезде соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынуы қажет. Бұл талап тек жаңа қызметкерлерге ғана қолданыла ма, әлде еңбек келісімшарты жасалғандар да осындай анықтама ұсынуы тиіс пе? 14 наурыз 2013, 00:00 2 149 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ақылды телефон бар

- Біз Жұлдыз ықшамауданында, мешіттің маңындағы 8-көшеде тұрамыз. 2012 жылдың тамызында байланыс қызметіне өтініш бергенбіз, бірақ әлі күнге дейін телефонсыз отырмыз. Операторлар бос сыйымдылық жоқ деседі. Ал көршілерімізде байланыс бар. Неге бұлай? Байланысты қаншалықты ұзақ күтуіміз керек?  14 наурыз 2013, 00:00 2 276 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көршілер, шатырды жөндеуге бірігіңдер!

– Менің есімім - Тимур Мәтжанов, бала кезден ІІ топ мүгедегімін. Сәтпаев, 10-үй, 80-пәтер мекен-жайындағы бір бөлмелі пәтерде, бесінші қабатта анаммен бірге тұрамын. Төбемізден су кетіп, сылағының түсіп жатқанына жеті жыл болды. ПИК-ке әлденеше рет хабарластық, бірақ ондағылар қаржының жоқтығын айтып, шатырды өзімізге жөндеуді ұсынып, есесіне пайдалану шығындарынан 15 мың теңгені шегеріп тастайтындықтарын айтты... 14 наурыз 2013, 00:00 1 841 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ықшам аудандардағы кернеулер

– Жыл басында «Атырау-Жарық» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВ кейбір тұрғын массивтеріндегі кернеуге қатысты проблемалардың қосымша абоненттердің қосалқы стансаларға заңсыз қосылуымен байланысты екендігін айтты. Осыған байланысты проблема туындап отыр. Кезінде «Жерұйық» ықшамауданындағы 6 үйдің өз трансформаторы болды. Уақыт өте келе «Атырау-Жарық» бізді өзінің ортақ қосалқы стансасына қосты. Қазір біздің үйімізде төмен кернеудегі жарық беріліп отыр. Бұл жағдайдан шығатын нақты жолдар бар ма? Егер қосымша абоненттер біздің трансформаторға қосылған болса және «Атырау-Жарық» олардан да абоненттік төлем жинайтындығын ескерсек, ол бұл жағдайға қалай ықпал ете алады? 14 наурыз 2013, 00:00 2 633 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұрынғыша есептеледі

Интернетте жаңа жылдан бастап алименттер жаңаша есептеледі деп жазылып жүр. Егер бұрын нақты жалақы мөлшерімен есептеген болса, енді ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерімен есептеледі екен. Қазір күйеуіммен ажырасқалы жүрмін. Оның алатын жалақысы – 350 мың теңге. Демек, егер ол бұрын балаға осы соманың 25 пайызын, яғни, шамамен 87 мың теңгені төлер болса, енді 4,5 мың төлемек пе? Оның жалақысына қатысты тағы бір сұрағым бар. Оған ресми түрде 200 мың теңге, ал бейресми тағы 150 мың теңге төлейді. Мен күйеуімнің жұмысынан оның жалақысы туралы анықтама алып, сотқа апарғым келген. Бірақ жұмыс беруші (бұл - оның туған бауыры) маған анықтама берген жоқ. Қалай етуге болады? Маман түсінік берсе екен. 7 наурыз 2013, 00:00 3 036 рет қаралды