Атырау, 26 сәуір 23:12
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Дәлеліңіз қандай?

2 041 просмотра

– Күйеуім ІІ топ мүгедегі, жәрдемақы алады. Мен зейнеткерлікке шыққанмын, күйеуіме күтім жасаймын. Бізге қандай да болмасын жеңілдіктер тиесілі ме?

Телефон арқылы

 

Сұраққа қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Сара МҰСАҒАЛИЕВА жауап берді:

– Өздерінің мүгедек жұбайларына күтім жасайтын адамдар үшін арнайы жәрдемақы жоқ. Бірақ үнемі көмекке мұқтаж мүгедектерге күтім көрсететін жеке көмекшілерге арналған жәрдемақы бар. Мұндай көмекшілер әйелі немесе мүгедектің басқа туысы болуы мүмкін. Алайда оның ресімдеу үшін негіз – мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы керек. Ол бағдарламада мамандар жеке көмекшінің қажет екендігін көрсетеді. Бұл бағдарламаны Атырау облыстық бақылау және халықты қорғау департаментіндегі Медициналық-әлеуметтік сарапшылық комиссия мамандары дайындайды.

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.