- Қаламызда жолаушылар тасымалымен қандай фирмалар айналысады? Олардың қайсысы нақты қандай маршруттарға қызмет көрсететінін атасаңыздар екен.
Нұрлан, Атырау қ.
Сұраққа қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ жауап берді:
- Бүгінгі күні Атырау қаласы бойынша 34 қалалық және қала маңындағы, атап айтқанда №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 14, 15, 18, 20, 21, 22, 30, 30-А, 50, 51, 52, 52-А, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 62, 64, 65 маршруттар бар. Бұл маршруттарға төмендегі тасымалдаушы кәсіпорындар қызмет көрсетеді:
1. «АйсТрансХолдинг»ЖШС №№ 1, 2, 3, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 15, 20, 21, 22, 30, З0А, 50, 52А, 57, 64, 65 маршруттарына қызмет көрсетеді. Қозғалыс құралының жалпы саны - 196 автобус пен микроавтобустар, олардың 50-і «DAEWOO» маркалы автобустар және 10-ы «HYUNDAI» маркалы автобустар.
2. «АнуарбекТранс» ЖШС- №№ 56, 58, 59, 62 (17 автобус пен микроавтобустар).
3. «АтырауТакси» ЖШС - №7 (15 автобус пен микроавтобус).
4. «Айдын и Ко» ЖШС- №№ 52, 54 (34 автобус пен микроавтобус).
5. «Данияр и К» ЖШС- №№ 53, 60 (16 автобус).
6. «ЖайықСтройСервис» ЖШС- №5 (12 микроавтобус).
7. «Баймұханов С.М.» ЖК- №№ 11, 51 (37 автобус пен микроавтобус).
8. «Қағазов Б.» ЖК- №№ 18, 55 (12 автобус пен микроавтобус).
Жалпы автопаркты 339 автобус пен микроавтобустар құрайды.