Атырау, 4 қазан 16:08
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Алты жатақхана салынады

2 312 просмотра

- Мен аудан тұрғынымын, ұлым Атыраудағы кәсіптік-техникалық лицейге оқуға түскісі келеді. Жатақхана жағдайы қалай болар екен?

Телефон арқылы

Таяуда ғана өткен облыстық білім беру басқармасының алқасында осы жөнінде айтылған болатын.2014-2015 жылдары Атырау облысында облыстағы 6 оқу орындарының, соның ішінде 5 кәсіптік-техникалық колледждер жанынан жатақханалар салу жоспарланған. Бүгінде облыста 24 колледж – 18 мемлекеттік және 6 жеке колледждер жұмыс істеп, 19210 адам кәсіптік-техникалық білім алуда. Олардың шамамен 65 пайызы – аудандардан келген оқушылар.

- Бүгінде жатақханамен қамтылу 10 пайыздай құрайды, сондықтан оларды салу басымды бағыт боп табылады. Облысымызға білім және ғылым министрлігі қолдау көрсетеміз деп уәде етті. Ақпанда мәслихат шешімімен 6 жатақхананы салуға жобалау-сметалық құжаттама жасауға  қаржылар бөлінді, - деді алқа отырысында облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН.

«Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжі, аграрлық-техникалық колледж, көлік және коммуникациялар колледжі, индустриалдық колледж, энергетика және құрылыс колледжі, сонымен қатар қазақ-түрік лицейі үшін жатақханалар салу жоспарланып отыр.

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.