Атырау, 29 наурыз 00:40
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шарттар орындалуы керек

2 072 просмотра

– Таяу уақыттан бері салқын су арынының азайғанын байқадық. Көршілеріміз үйіміздің жаңа су құбырына қосылатынын айтты. Осы рас па?

Біләлов  (бұрынғы Тракторный) көшесінің тұрғындары

«АтырауСуАрнасы» КМК-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Александр ПАСТУХОВ жауап берді:

– Жаңа полиэтилен су құбырының іске қосылуына байланысты үй қожайындарына «АтырауСуАрнасы» КМК-ның өндірістік-техникалық бөліміне (ӨТБ) тұрғын үйлерді сумен қамтуға бұрын алынған техникалық шарттардың көшірмелерін алып бару керек. Орнына жаңа техникалық шарттар берілетін болады. Оларды алғаннан кейін үй қожайындарының жазбаша өтінішімен «АтырауСуАрнасы» КМК бригадасы оларды жаңа су құбырына қосуды жүзеге асырады. Ескі шарт пен су құбырына қосуға рұқсат болмаған жағдайда, үй қожайындары ӨТБ-ге «Атырау Су Арнасы» КМК сайтында - www.suarnasy.kz тізімі жарияланған құжаттар көшірмелерін ұсынулары керек. Жаңа нысандар үй қожайындары техникалық шарттарды орындап, су есептегіштерді орнатып, рұқсат алғаннан кейін су құбырына қосылады.

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.