Атырау, 2 қараша 18:46
 бұлттыВ Атырау +11
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Ерекше режимдегі көше

1 705 просмотра

– Күн жылынған мезгілде Досмұхамедов көшесінің бойындағы 93-үйіміздің ауласына сол маңдағы жастардың бәрі жиналады. Тұрғындардың ескертпелеріне құлақ аспастан, шулап, ауыздарына келгенді айтып, ішімдік ішеді. Биыл сыртқы бақылау камераларын Досмұхамедов, 93 мекен-жайының бойындағы жолға орнату жергілікті биліктің жоспарында бар ма? Камералардың болуы ауданымыздағы жағдайға ықпалын тигізер еді деп есептейміз.

Телефон арқылы

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Айжан ҚАРАБАЕВА комментарий берді:

– Қазір қалада 266 бейнекамералар орнатылған, олармен Жедел басқару орталығы жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу қажеттілігіне байланысты қалалық әкімдік бейнекамераларды жаппай орнату мүмкіндігін қарастырады. Атырау облыстық ІІД жедел басқару орталығының ұсынысы бойынша, 2014-2015 жылдары бейнекамераларды орнату қажет етілетін қала көшелерінің тізімі жасалды. Досмұхамедов көшесінің бойындағы 93-үй осы тізімге енген.

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.