Атырау, 28 наурыз 22:11
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Іздеген жанға көмектесеміз

1 892 просмотра

– Қызыл Жартыай қоғамының жанында іздестіру қызметінің жұмыс істейтінін естідім. Бұл қызметке кімдер хабарласатынын және ол арқылы кімдерді іздестіруге болатынын білгім келеді?

Телефон арқылы

Сұраққа Қызыл Жартыай қоғамы Атырау филиалының директоры Айгүл ҚҰЛТАНОВА жауап берді:

– Біздің ұйымымыздың еріктілері бүкіл дүние жүзі бойынша соғыс, апаттар, қудалау мен қашу әрекеттерінің, көші-қон салдарынан байланыссыз қалған адамдарды іздестіруге және тағдырын анықтауға көмектеседі. Кез келген ниет білдіруші Қызыл Жартыай қоғамының іздестіру қызметі арқылы қарапайым пошта қызметтері жұмыс істемейтін немесе сәлемдемелер түрлі қиындықтарға ұшырайтын халықаралық жанжалдар, азаматтық соғыстар орын алған, шиеленіскен дағдарыс жағдайындағы, дүлей апаттар болған жерлерде жүрген туыстары мен жақындарына жолдау жолдай алады. Сонымен қатар, іздестіру қызметі арқылы қазіргі уақытта ҚР аумағына да, Орталық Азия елдеріне де хабар-ошарсыз кеткен жандарға жақын туыстары іздеу сала алады. Бұған қоса, іздестіру қызметі шетелдегі әскери зираттардың сақталғандығын анықтау, концлагерьлерде, Германияда мәжбүрлеу жұмыстарында болғандығын немесе Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында эвакуацияланғандығын растайтын анықтамаларды талап ету және беру секілді қызметтерді ұсына алады. Көмек сұрап келгендер үшін барлық қызмет тегін көрсетіледі. Біздің алыс туыстары мен достарын табуға, ақша аударуға, емделуге немесе тұрақты мекендеуге шетелге шыққанда, сондай-ақ, визаларды ресімдеуге көмектеспейтіндігімізді атап өткен жөн.

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.