- Қалада жаяу жүргінші өткелі белгілері жетіспейді. Оларды көбейтуге қатысты жұмыстар жасалып жатыр ма?
Телефон арқылы
Сұраққа Атырау облыстық ІІД ЖПБ жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бас маманы Мұрат ҚҰСАЙЫНОВ жауап берді:
- Жол-қозғалыс ережесінің талаптарына сәйкес, жүргізуші белгілерді де, жол жолақтарын да сақтауы тиіс.
Жолақтарға келер болсақ, біз бүкіл көше жолдарына тексеру жүргіздік. 2013 жылға жолақтар сызығы үшін – 50 мың шаршы метр шамасындағы жол сызығына, соның ішінде жаяу жүргіншілер өткеліне, сонымен қатар қала бойынша 2700 жаңа жол белгілері мен қаладағы жол қиылыстарындағы 18 бағдаршам нысандарын орнатуға қаржылар бөлінді.