Атырау, 23 қазан 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Жаңа нөмірге қоңырау шал

2 505 просмотра

– 7 жылдан бері өз пәтерімізде тұрамыз. Кенет банктердің бірінің жергілікті филиалы мен бас кеңсесінен әлдебір борышкерді іздеп, қоңырау шала бастады. Біздің оған еш қатысымыз жоқ екенін әлденеше рет түсіндірген едік, онымыздан түк шықпады. Бұл телефон нөмірін ауыстыру үшін негіз бола ала ма? Егер негіз болса, мұны қалай жасау керек?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының жұртшылықпен байланыс, жарнама және корпоративтік портал жөніндегі маманы Жанар БІЛӘЛОВА жауап берді:

– Нөмір тек телекоммуникация қызметін көрсету келісім-шартын жасаған, яғни, телефон нөмірі кімнің атына тіркелсе, сол абоненттің өтініші бойынша ғана ауыстырылады. Ол үшін Орталық агенттікке (Абай көшесі, 5) нөмірді ауыстыру туралы өтінішпен бару керек. Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болған жөн. Нөмірді ауыстыру процедурасы ақылы – қосымша құн салығымен қосқанда 467 теңге.

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.