Атырау, 29 наурыз 17:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тұрбалар туралы

1 875 просмотра

– Біз Верхняя Садовая (Бірінші учаске) тұйық көшесінің тұрғындарымыз. Жақында жергілікті теледидардан бізге ескі су құбыры тұрбасынан жаңасына қосылуымыз керектігі туралы хабарландыруды көрдік. Осыған байланысты «бізді «Атырау СуАрнасына» кім қосады?» деген сұрақтар туып тұр. Мұндай жағдайда жұмыстар тегін бе, ақылы ма? Әлде өзіміз біреуді жалдауға тиіспіз бе? 2007 жылы біз өз қаржымызға өзіміз үшін желі жүргізіп, техникалық шарттарды төлеген едік. Енді жаңа техникалық шарт үшін төлеуіміз керек пе?

Телефон арқылы

«АтырауСуАрнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ хабарлағандай, кәсіпорын Верхняя Садовая тұйық көшесіндегі үйлердің қожайындарына Верхняя Садовая көшесінің бойындағы d700 мм апатты магистральды болат су құбырының таяу уақытта қолданыстан шығарылатындығы туралы хабарлаған. Жаңа полиэтилен d630 мм су құбырын іске қосуға байланысты үй қожайындарына «АтырауСуАрнасы» КМК-ның өндірістік-техникалық бөліміне тұрғын үйлерді сумен қамтудың бұрын алынған техникалық шарттарының көшірмелерін алып бару керек. Бұрын алынған техникалық шарттар тегін жаңартылатын болады. Техникалық шарттар алғаннан кейін, үй қожайындарының жазбаша өтініші бойынша «АтырауСуАрнасы» КМК қызметі Верхняя Садовая тұйық көшесіндегі ұжымдық су құбырын алынған техникалық шартқа сәйкес жаңа су құбырына кесу-іске қосуды тегін жүзеге асырады.    

Жеке тұрғын үй құрылысы қожайындарында ескі техникалық шарттар мен су құбырына қосылуға рұқсат болмаған жағдайда оларға «АтырауСуАрнасы» КМК-ның www.suarnasy.kz сайтында тізімі жарияланған құжат көшірмелерін ұсынулары қажет болады.  

Жаңа нысандарды су құбырына қосу - қожайындар техникалық шарттарды орындап, су өлшегіштерді орнатып, рұқсат алғаннан кейін жүргізіледі. Бірақ бұл ақылы негізде жасалады.

2 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.