Атырау, 2 мамыр 03:04
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жаңа көшеге - жаңа тақтайша

2 323 просмотра

- Қала әкімінің 2011 жылдың 12 мамырындағы шешімі бойынша Новоселов көшесіне Өтепқали Әлжанов есімі берілген болатын. Біздер осы көшеде тұратындықтан, бұл кісінің кім болғаны жөнінде білгіміз келеді. Көше атауы өзгеруіне байланысты үй құжаттарын қайта ресімдеу керекпіз бе? Сонымен қатар көше атауы жазылған тақтайшалар қашан орнатылады?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен төмендегідей жауап келді: «Өтепқали Әлжанов 1920 жылы Гурьев облысы, Новобогат ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. 1945 жылы Владивосток қаласындағы «Колос» мейрамханасына ас дайындау жұмысына жіберіледі. 1947 жылы туған жеріне оралған соң, Гурьев қаласындағы №1 асханананың меңгерушісі, 1950 жылы «Каспий-Урал» мейрамханасының 6 дәрежелі ас дайындаушысы қызметінде зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.

1951 жылы Қазақ ССР Сауда министрлігі Оқу комбинатының қоғамдық тамақтандыру училище-сін бітіріп, 1954 жылы Мәскеуде Қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігіне шақырылып, шебер ас дайындаушы атағына ие болады.

Ө.Әлжановтың қоғамдық тамақтандыру саласындағы айрықша еңбегі бағаланып, Ол «Қазақ ССР-не еңбек сіңірген сауда қызметкері» атағына ие болған. Көптеген медальдардың иегері. Ол 1991 жылы дүние салды.

Көше атауының өзгергендігі жөнінде қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі анықтама береді. Аталған анықтама арқылы халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, құжаттарын заңдастыра алады.

2011 жылы Атырау қаласының  500-ден астам көшелеріне жаңа атау берілді. Қазіргі таңда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі көше атауы жазылған тақтайшаларды ілу жөнінде жұмыстар жүргізуде».

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.