Атырау, 29 желтоқсан 13:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қашықтан көрсетілетін қызмет

1 805 просмотра

– Менің марқұм күйеуім «Республика» зейнетақы қорының салымшысы болған еді. Тиесілі жарты жыл өткен соң, мұрагерлік құқығым бойынша оның зейнетақы жарналарын өзіме қайта ресімдеу үшін барған едім. Бірақ Атырау филиалының есігі тарс жабық екен және ешқандай ақпарат жазылмаған. Біз ғаламтор бетінде көрсетілген барлық телефон нөмірлеріне қоңырау шалдық. Бірақ еш жерді ала алмай отырмыз. Не болғанын білгіміз келеді. Енді не істейміз?

azh.kz сайтынан

Шынымен де, pensia.kz сайтында көрсетілген зейнетақы қорының байланыс нөмірлері (сайтта Қазақстанның барлық зейнетақы қорлары туралы мәліметтер жазылған – «АЖ» ескертпесі) ажыратулы болды немесе жауап бермеді. Біз Атырау филиалының директоры Б.-ны іздеп таптық. Бұл кезде ол бұрынғы басшысы боп шықты. Ол бізге түсінік беруден бас тартты. Бірақ «Республика» Қорының сайтында (http://www.respublica.kz) бұл туралы түсіндіріліп жазылған екен.

Сайт парағы ашылған кезде, «Қор жұмысындағы өзгерістерге байланысты Қор Қазақстан Республикасының аймақтарында тұратын клиенттерге қашықтан қызмет көрсетуге көшеді» деген хабарландыру шығады.

Қор түсіндіргендей, аймақтық кеңселер 2013 жылдың 15 наурызынан бастап оңтайландыруға байланысты қызметтерін тоқтатады. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада қарастырылған операцияларды жүзеге асыру қызметтері Алматы қаласы, Достық даңғылы, 38 (Виноградов бұрышы, «Кең Дала» бизнес орталығы, 7-қабат) мекен-жайында орналасқан «Республика» ЖЗҚ» АҚ кеңсесінде көрсетіледі.

Төлем алуға құжаттар беру, жеке зейнетақы есепшотынан көшірме алу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт жасау үшін аталмыш мекен-жай бойынша хабарласу керек. Қызметтер салымшының жеке өзінің, сенімді өкілінің хабарласуы арқылы немесе пошталық байланысқа тиісті құжаттарды жолдау немесе «Республика» ЖЗҚ» АҚ сайтынан өтініш толтыру арқылы көрсетіледі.

Қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттарды ресімдеу жөнінде 8 800 080 58 58 телефон желісі арқылы жеке кеңес алуға болады, қоңырау тегін.

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.