Атырау, 23 қазан 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Байланыстан тыс жерде

2 326 просмотра

– Бір жыл бұрын Балауса ықшамауданында монтаждау мекемесі «Қазақтелекомның» тапсырысы бойынша телефон желісін жүргізді, бірақ әлі күнге дейін байланыс жоқ. Бұған не себеп болып отыр?

Гүлнар ҚҰБАШЕВА, Балауса ы/а, 34-көше, 84-учаске.

Сұраққа «Қазақтелеком» АҚ Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Ерсайын ДҮЙСЕМАЛИЕВ жауап берді:

– Бүгінде Балауса ықшам ауданында талшықты-оптикалық байланыс желісін салу бойынша барлық монтаждау жұмыстары аяқталды. Нысанды мердігерден өткен жылдың аяғында қабылдап алдық. Мемлекеттік қабылдау жөніндегі барлық жұмыстар аяқталды. Тек ауа-райының қолайсыздықтары: мұз боп қатқан жер, балшық және т.б. кедергі болып отыр. Сәуір айында соңғы кезеңге кірісеміз, яғни жазылған өтініштер бойынша нүктелерді қосамыз. Абоненттік желілерді әр үйге дейін жүргізуіміз керек. Телефон, ID net және ID TV қызметтеріне өтініш бермегендердің қазір өтініш берулеріне болады.

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.