Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Ақылды телефон бар

2 125 просмотра

- Біз Жұлдыз ықшамауданында, мешіттің маңындағы 8-көшеде тұрамыз. 2012 жылдың тамызында байланыс қызметіне өтініш бергенбіз, бірақ әлі күнге дейін телефонсыз отырмыз. Операторлар бос сыйымдылық жоқ деседі. Ал көршілерімізде байланыс бар. Неге бұлай? Байланысты қаншалықты ұзақ күтуіміз керек? 

azh.kz сайтынан

Сұраққа «Қазақтелеком» АҚ Атырау ОТД-ның БАҚ-мен  жұмыс және корпоративтік портал жөніндегі маманы Жанар БІЛӘЛОВА жауап берді:

- Жұлдыз ықшамауданында желілі телефонияны орнатуға бос нөмірлік сыйымдылық жоқ. Бірақ сымсыз  қолжетімділік арқылы WLL CDMA телефониясына қосылуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, «Ақылды телефон» қызметіне қосылуды ұсынуға болады (iD Phone – бұл SIP хаттамасының негізінде деректерді беру желілерімен ұйымдастырылған телефония). Бұл қызметті пайдаланудың басты шарты – Интернетке кең жолақты қосылысқа қосылу керек. Орнату 7000 теңге тұрады. Газет оқырмандарымен Атырау ОТД қызметкерлері хабарласып, «Ақылды телефон» қызметіне қосылу мүмкіндігі туралы түсінік берді.

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.