Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Ықшам аудандардағы кернеулер

2 320 просмотра

– Жыл басында «Атырау-Жарық» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВ кейбір тұрғын массивтеріндегі кернеуге қатысты проблемалардың қосымша абоненттердің қосалқы стансаларға заңсыз қосылуымен байланысты екендігін айтты. Осыған байланысты проблема туындап отыр. Кезінде «Жерұйық» ықшамауданындағы 6 үйдің өз трансформаторы болды. Уақыт өте келе «Атырау-Жарық» бізді өзінің ортақ қосалқы стансасына қосты. Қазір біздің үйімізде төмен кернеудегі жарық беріліп отыр. Бұл жағдайдан шығатын нақты жолдар бар ма? Егер қосымша абоненттер біздің трансформаторға қосылған болса және «Атырау-Жарық» олардан да абоненттік төлем жинайтындығын ескерсек, ол бұл жағдайға қалай ықпал ете алады?

Сонымен қатар, осындай проблема туралы жазған Нұрсая тұрғындарының хаттары жарияланғаннан кейін жағдайдың нашарлап кеткенін атап өткен жөн. Неліктен «Атырау-Жарық» бір ықшамаудандағы ахуалды екіншісінің есебінен түзеген?

azh.kz сайтынан

Сұраққа «Атырау-Жарық» АҚ президенті Айвар Рахманов жауап берді:

– Редакцияға хабарласқан абонентке 25 тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған қуаттылығы 400 кВ болатын КТПНГ (трансформаторлық қосалқы стансалар) орнатуға №27-6596 (23.06.2005 жылғы) техникалық шарт берілді. Осы КТПНГ-ның электр шаруашылығы үшін абоненттің өзі жауапты болады.

Біздің ақпаратымыз бойынша, ол КТПНГ-10/0,4 кВ қосалқы стансасын Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімінің балансына берген. Қазіргі уақытта желіге тағы 34 тұрғын үй қосылған. Қосымша қосылған жеке тұрғын үйдің тұтынушылары өз күштерімен ВЛ-0,4 кВ әуе желісін жүргізіпті. Қолдан жүргізілген әуе желісінің ұзындығы 3 шақырымды құрайды.

Электр энергиясын қалпына келтіру мәселесін шешу үшін екінші КТПНГ-10/0,4 кВ орнатып, қосымша қосылған үйлердің барлығын жаңа КТПНГ-ге ауыстыру керек. «Атырау-Жарық» АҚ тұтынушыларға қалалық әкімдіктің ТКШ бөліміне хабарласуға кеңес береді.

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.