Атырау, 23 желтоқсан 11:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Дәрумендерге тыйым бар

– Жаз келген кезде қаланың барлық ауданында сауда дүкендері және көкөністер мен жемістер сататын ашық жаймалар пайда болады. Сатушылар – еліміздің оңтүстік өңірлерінен және таяу шетелден келгендер. Бағаны саудагерлердің өздері белгілейді. Мәселен, Авангардтағы соңғы аялдамада 1 келі жүзім 350 теңге тұрады, ал облыстық ауруханадан сәл әрі орналасқан жерде оны  («Медицина» және «На Гурьевской» АҚ дәріханаларының маңында) 400 теңгеден, облыстық аурухананың қасында 450-500 теңгеден сатады. Сауда жасауға оларға кім рұқсат береді және осындай сауда нүктелерінің қызметіне қалалық кәсіпкерлік және сауда бөлімі тарапынан сатушыларда санитарлық кітапшалардың бар-жоғына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларына бақылау жасала ма? 17 қазан 2013, 00:00 2 862 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салықтар тыныштық пен ашықтықты ұнатады

- Жақын арада шетелде мұнай компаниясына жұмысқа тұрған едім. Келісімшарт бойынша қызметкер өз елінің бүкіл салығын өзі төлейді, компания тек жергілікті салықтарды ғана төлейді. Егер мен шетелде жұмыс жасасам, Қазақстандағы (табыс, зейнетақы) салықтарды төлеуге тиіспін бе? Егер тиіс болсам, қандай салықтар және табыстың қанша пайызы? Менің қорға зейнетақы жарналарын аудармауыма бола ма? Өйткені мен бұл жүйеге сенбеймін. 17 қазан 2013, 00:00 3 064 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек демалысының ережелері

– Біз облыстағы кеніштердің бірінде жұмыс жасаймыз. Бұрын алғашқы еңбек демалысы бізге 12 ай өткеннен кейін берілетін. Одан кейінгі демалыстарымызды демалыс кестесіне сәйкес толықтай көлемде, яғни, 28 күнтізбелік күнді (24 күн + зиянды жұмыс жағдайы үшін қосымша 4 күн) алатын едік... 3 қазан 2013, 00:00 6 944 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мазасыз өткен күндер

– Менің туысым 20 жылдан астам уақытын соттың үкімі бойынша психиатриялық емханада өткізді. Оны Атырауда да, Алматыда да емдеді. Бірақ оның психикалық ауытқушылығы емделетін сырқат. Бір жыл бұрын оны емханадан шығарған еді, енді ол қазір өз анасымен бірге тұрады. Ол өзін өте қалыптан тыс ұстайды. Біздегі жүйке-неврологиялық диспансер оны емдеуге қабылдайды, бірақ бір айдан кейін қайта шығарып жібереді. 3 қазан 2013, 00:00 2 121 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салықтың ауыр жүгі

– Өткен жылы алаңы 0,9 га болатын өзімнің жер телімім үшін 180 теңге сомасында салық төледім. Биыл салық басқармасынан осы телім үшін 7 мың теңгеден астам сомада жер салығын төлеуім қажеттігі туралы хабарлама келді. Салықты төледім, бірақ бір жыл ішінде оның сомасы неліктен өте көбейіп кеткенін білгім келеді. Егер салық басқармасының қызметкерлері хабарлама дайындаған кезде қателік жіберген болса, ал салық сомасы іс жүзінде аз болса, мен айырмашылық сомасын қайтара аламын ба? 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 480 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жаңа есептегіш әзір болмайды

– Жақында «АтырауЭнергоСату» ЖШС бақылаушылары бізге есептегішіміздің жарамсыз екенін, дискінің жәй жүретіндігі байқалатынын айтты. Толтырылған актіге олар есептегіш аспаптың, атап айтқанда СОИБМЗ-2003 аспабының бекітілген мемлекеттік өлшем құралдарының тізіліміне енгізілмегенін жазып, бізді 10 күн ішінде ауыстыруға міндеттеді. Есептегіш аспаптың көп жыл жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, енді аяқ астынан оның мемлекеттік тізілімге енбей қалғаны анықталғаны қалай? Ендеше ол қалай орнатылған және бақылаушылар оны қалай есепке алған? 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 550 рет қаралды
Сақ болыңыз, велосипедшілер! Сұрақ-жауап

Сақ болыңыз, велосипедшілер!

– Бізде қалада велосипедшілер көбейіп кеткен. Мен бұл көлік түріне мүлдем қарсы емеспін, бірақ велосипедшілер қолайсыздық қана емес, балалар мен ересектер үшін үлкен қауіп тудырады. «Ағила» сауда үйінің, Смағұлов атындағы аллеяның, орталық көпірден бастап Жилгородокқа дейінгі жағалау маңдары ересектердің және балалардың денсаулықтары мен өмірлері үшін қауіпті аймаққа айналған. Бұл әсірелеу емес. Велосипедшінің бір әйел адамды сәбиімен қағып кеткенін, ол әйелді ессіз күйде жедел жәрдемнің алып кеткенін білемін... Жаяу жүргіншілер аймағында велосипедшілердің жаппай жүруі жол қозғалысы ережесін бұзу боп табылады. Бірақ бұған ешкім мән бермейді. Неге белгілер қойып, жағдайға бақылау жасап, ереже бұзушыларға айыппұл салмайды, тіпті ереже бұзушылардың көліктерін тәркілемейді? 5 қыркүйек 2013, 00:00 3 208 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үш жылға дейін жүре бер

- Шілденің аяғында автосалоннан 2013 жылы шыққан автокөлік сатып алдым. Техпаспорт, мемлекеттік нөмір алдым, сақтандыру бетшесін ресімдедім, 2013-тің соңына дейін көлік салығын да төлеп қойдым. Биыл техникалық байқаудан өтуім керек пе? Егер керек болса, қанша мерзімге? 29 тамыз 2013, 00:00 2 360 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Монополистің рұқсаты міндетті

- Заңды және жеке тұлғалар үшін пайдалануға беру актісіне (бегунок) қанша және қандай ұйымдар қосылған? Толық тізбесін көрсетіңіздерші. Кез келген актіге «Атырау-Жарық» қосылатыны белгілі. Ең басты сұрағым: комиссиялық құжатқа неге жеке компания қосылған?   22 тамыз 2013, 00:00 1 841 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Полигон үшін төлейді

– 1980 жылы Атырауға көшіп келгенше мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туып-өстім. Келесі жылы зейнеткерлікке шығамын. Ядролық сынақтар өткізілген аумақта тұрған жан ретінде маған қандай да болмасын арнайы жәрдемақы мен жеңілдіктер тиесілі ме? 8 тамыз 2013, 00:00 2 924 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Студенттер қайда болса, құжаттар да сонда

- Мен Маркетинг және менеджмент колледжіне 2004 жылы оқуға түсіп, 2006 жылы академиялық демалысқа кетіп қалған едім. Негізі оқу орнын 2007 жылы аяқтауым тиіс болатын. Денсаулығыма байланысты ұзақ уақыт демалыста болдым, кейін 2010 жылы колледж жабылып қалды. Егер соңғы оқу жылымның ақшасын төлесем, қолыма диплом ала алам ба? Құжат тапсырғандағы орта білім туралы аттестатымды алу үшін қайда хабарласуға болады? 8 тамыз 2013, 00:00 2 381 рет қаралды
Адал нотариус Сұрақ-жауап

Адал нотариус

- Біз жер телімін алғанбыз. Сатып алу-сату мәмілесін демалыс күні нотариустан жасадық. Рәсім барысында сатушы ХҚКО-дан бір күн ғана әрекет ететін сатып алатын жерінің мүліктік ауыртпалығы жоқтығы жөнінде анықтаманы сол демалыс күні алғаны бізді таңғалдырды. Сондай-ақ мәміле жасау аяқталғаннан кейін нотариус бізге жердің мемлекеттік актісінің түпнұсқасын емес, көшірмесін бергені түсініксіз болды. Сонымен қатар нотариус жер телімін тіркеуді де осы кеңседен жасауды ұсынды. Мұның бәрі қаншалықты заңды? 1 тамыз 2013, 00:00 3 007 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үй салуға рұқсат

- Мен Тайманов көшесі бойындағы 24 үй тұрғынымын. 2010 жылы қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне өзімнің ескі үйімді бұзып, орнына жаңа үй салуға рұқсат сұрап жолыққан едім. Сол кезде бөлімдегілер Атырау қаласының Бас жоспарына сәйкес, Тайманов көшесін бойындағы үйлер бұзу аймағында екенін ескертіп,  рұқсат берілмейтінін айтқан еді. Бірақ одан бері көше тұрғындарының көпшілігі жаңа тұрғын үй салып алды. Үйлердің қай уақытта күрелетіндігін немесе рұқсат берілетін-берілмейтіндігін білгім келеді. 1 тамыз 2013, 00:00 2 413 рет қаралды
Сұрақ-жауап

...Сіздің қалуыңызды өтінемін

– Диплом алу үшін АМУ стденттері кету қағазын тапсырулары тиіс. Тізімде жазылған әскери комиссариаттағылар да медкомиссиядан өтуді талап еткен. Осы заңды ма? Менің білуімше, комиссия тек күзде ғана болады ғой. 25 шілде 2013, 00:00 3 130 рет қаралды
Есепшотты әкеліңіз! Сұрақ-жауап

Есепшотты әкеліңіз!

– Неліктен «Қазақтелеком» үйге төлем түбіртектерін жібермейді? Менде ай сайын (абоненттік төлемге, қалааралық және ұялы байланыс қоңырауларына) әр түрлі сома шығады. Терминалдың «Жеке кабинетінде» толық тізім көрсетілмейді және терминал ақша қайтармайды. Мұндай жағдайда не істеу керек? 25 шілде 2013, 00:00 3 863 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жаңа көшеге - жаңа тақтайша

- Қала әкімінің 2011 жылдың 12 мамырындағы шешімі бойынша Новоселов көшесіне Өтепқали Әлжанов есімі берілген болатын. Біздер осы көшеде тұратындықтан, бұл кісінің кім болғаны жөнінде білгіміз келеді. Көше атауы өзгеруіне байланысты үй құжаттарын қайта ресімдеу керекпіз бе? Сонымен қатар көше атауы жазылған тақтайшалар қашан орнатылады? 27 маусым 2013, 00:00 2 685 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Байланыс маусымда қосылады

– Неліктен «Қазақтелеком» АҚ Атырау ОТД-ның Самал ықшамауданынан оптикалық-талшықты телефон желісін орнатуға асықпай отырғанын анықтауға қол ұшын берсеңіздер екен. Біз жұмыстардың қабылдануын және ресми түрде іске қосылуын көптен күтіп жүрміз (телефон желісіне өтінішіміздің берілгеніне көп болды). Сонда «Қазақтелеком» басшылығының клиенттердің көбеюіне мүдделі болмай отырғаны ма? 6 маусым 2013, 00:00 2 331 рет қаралды
Жаңа нөмірге қоңырау шал Сұрақ-жауап

Жаңа нөмірге қоңырау шал

– 7 жылдан бері өз пәтерімізде тұрамыз. Кенет банктердің бірінің жергілікті филиалы мен бас кеңсесінен әлдебір борышкерді іздеп, қоңырау шала бастады. Біздің оған еш қатысымыз жоқ екенін әлденеше рет түсіндірген едік, онымыздан түк шықпады. Бұл телефон нөмірін ауыстыру үшін негіз бола ала ма? Егер негіз болса, мұны қалай жасау керек? 23 мамыр 2013, 00:00 2 678 рет қаралды
Тұрбалар туралы Сұрақ-жауап

Тұрбалар туралы

– Біз Верхняя Садовая (Бірінші учаске) тұйық көшесінің тұрғындарымыз. Жақында жергілікті теледидардан бізге ескі су құбыры тұрбасынан жаңасына қосылуымыз керектігі туралы хабарландыруды көрдік. Осыған байланысты «бізді «Атырау СуАрнасына» кім қосады?» деген сұрақтар туып тұр. Мұндай жағдайда жұмыстар тегін бе, ақылы ма? Әлде өзіміз біреуді жалдауға тиіспіз бе? 2007 жылы біз өз қаржымызға өзіміз үшін желі жүргізіп, техникалық шарттарды төлеген едік. Енді жаңа техникалық шарт үшін төлеуіміз керек пе? 2 мамыр 2013, 00:00 2 212 рет қаралды
Тыйымның көмегі бар Сұрақ-жауап

Тыйымның көмегі бар

– Күйеуім екеуміз ажырасқалы жатырмыз. Бүкіл мүлік күйеуімнің атына ресімделген. Ол менің келісімімсіз пәтерді немесе көлікті сатып жібере ме деп алаңдаймын. Өйткені келісімшарт жасау кезінде нотариустың отбасылық жағдайы туралы сұрағына ол ешкіммен некеде жоқпын деп жауап беруі мүмкін ғой. Нотариустар келісімшарттар жасағанда ерлі-зайыптылардың бірінің келісімі қажет болса, азаматтардың отбасылық жағдайын қалай тексере алады? 18 сәуір 2013, 00:00 2 800 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қашықтан көрсетілетін қызмет

– Менің марқұм күйеуім «Республика» зейнетақы қорының салымшысы болған еді. Тиесілі жарты жыл өткен соң, мұрагерлік құқығым бойынша оның зейнетақы жарналарын өзіме қайта ресімдеу үшін барған едім. Бірақ Атырау филиалының есігі тарс жабық екен және ешқандай ақпарат жазылмаған. Біз ғаламтор бетінде көрсетілген барлық телефон нөмірлеріне қоңырау шалдық. Бірақ еш жерді ала алмай отырмыз. Не болғанын білгіміз келеді. Енді не істейміз? 18 сәуір 2013, 00:00 1 931 рет қаралды
Ерекше режимдегі көше Сұрақ-жауап

Ерекше режимдегі көше

– Күн жылынған мезгілде Досмұхамедов көшесінің бойындағы 93-үйіміздің ауласына сол маңдағы жастардың бәрі жиналады. Тұрғындардың ескертпелеріне құлақ аспастан, шулап, ауыздарына келгенді айтып, ішімдік ішеді. Биыл сыртқы бақылау камераларын Досмұхамедов, 93 мекен-жайының бойындағы жолға орнату жергілікті биліктің жоспарында бар ма? Камералардың болуы ауданымыздағы жағдайға ықпалын тигізер еді деп есептейміз. 4 сәуір 2013, 00:00 1 896 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ынталандыру және жазалау

– Біз ірі кәсіпорында жұмыс істейміз. Еңбекақымыз белгіленген жалақымен және ай сайынғы еңбекке қатысу коэффициентімен (КТУ) төленеді. Жалақымыз көп емес, бірақ КТУ-дың арқасында көбірек табыс табуға болады. Кәсіпорнымызда орын алған өрт оқиғасынан кейін басшылық жіберілген ұқыпсыздық үшін жаза ретінде бізді КТУ-дан айыратынын мәлімдеді. Сөйтіп біз тек айлық жалақымызды ғана алдық. Бірақ біршама уақыт өтсе де, КТУ есептемейтін болды. Бізді жазалайтын себептер табыла берді. Бұл жағдайда жұмыс берушінің әрекеті қаншалықты заңды? Оның өз қалауынша жұмысшыларын үстеме ақыдан айыруға қақысы бар ма? 28 наурыз 2013, 00:00 3 734 рет қаралды
«Лифт істеп тұр ма?» Сұрақ-жауап

«Лифт істеп тұр ма?»

– Мен көп уақыттан бері ауыз су жеткізумен айналысатын Waterlife компаниясының тұтынушысымын. Бүгінгі күнге дейін қиындық туындамай, суды уақытында жеткізетін. Бірақ соңғы кездері курьерлер жоғарғы қабаттарға көтерілуден бас тартатын болған. Біз 10-қабатта тұрамыз. Ал, өкінішке орай, лифт бірде жасаса, бірде жасамай қалады... 28 наурыз 2013, 00:00 2 239 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есірткіге жол жоқ!

– Өткен жылдың аяғында облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері облыстағы мейрамханалар мен түнгі клубтарға жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұндай шаралардың мақсаты – есірткіні пайдаланатын немесе сатумен айналысатын тұлғаларды анықтау. Операция айқай-шумен, автоматтармен, «Бүркіт» арнайы жасағы қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Жастар ұсталып, оларға қатысты қылмыстық істер қозғалды... 28 наурыз 2013, 00:00 3 297 рет қаралды