Атырау, 23 желтоқсан 14:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қаралды

99 рет қаралды
Сурет: Canva
Сурет: Canva

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлерде, әсіресе моно және шағын қалаларда, сондай-ақ ауылдық жерлерде шағын және микробизнесті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы қаралды.

Қуатты әрі бәсекеге қабілетті кәсіпкерліктің дамуы – орнықты экономикалық өсудің негізгі факторы екенін атап өтті премьер-министр. 

"Жуырда мемлекет басшысы іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін жедел түрде шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды. Үкімет шағын және микробизнесті нақты қолдауға, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, өндірісті дамытуға бағытталған кешенді құжатты әзірледі», — деді Премьер-министр.

Бүгін, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.