Атырау, 23 желтоқсан 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Трамп Тоқөаевқа Ақ үйдің символикалық кілтін сыйлады

87 рет қаралды

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Ілиясов 2025 жылғы 16 желтоқсанда АҚШ Президенті Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Ресми рәсімнен кейін Дональд Трамп биыл қараша айында Ақ үйде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуден алған әсерімен бөлісті. 

АҚШ Президенті Мемлекет басшысына жылы лебізін білдіріп, оны халықаралық үдерістерді терең білетін, жан-жақты пайымдай алатын тәжірибелі мемлекет қайраткері әрі көрнекті тұлға ретінде сипаттаған. 

Сонымен қатар Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа символикалық сый-сияпат жолдады. Олардың қатарында Ақ үйдің кілті және АҚШ Президентінің жеке қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.

Бүгін, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.