Атырау, 24 желтоқсан 22:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Экология

Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы: "Мүмкін мұнымен ҰҚК айналысып жатқан шығар, біз білмейміз ғой" Экология

Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы: "Мүмкін мұнымен ҰҚК айналысып жатқан шығар, біз білмейміз ғой"

Атырау облыстық әкімдігінің жанынан құрылған ведомоствоаралық комиссия әлі күнге дейін өткен жылдың желтоқсанында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу себебін анықтаған жоқ. "АЖ" тілшісі осыған қатысты Астанаға ҚР орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВКЕ қоңырау шалған еді.  13 қаңтар 2019, 12:59 6 418 рет қаралды
Министр Атырау тұрғынына жауап берді Экология

Министр Атырау тұрғынына жауап берді

Атырау тұрғыны Асқар ҚҰСАЙЫНОВ ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВТЫҢ (суретте) блогына хат жолдаған еді: «Құрметті Қанат Алдабергенұлы! Атырау қаласы мен Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылып жатқаны жайлы дабыл қағады. Өйткені, Жайық өзені Батыс Қазақстандағы бірден бір тұщы су көзі. Бұрын-соңды болмаған балықтардың жаппай қырылуы табиғи апаттан емес, адам әрекетінен орын алып отыр.  Бұл мұнай мен газ өндіруші компаниялар шоғырланған, сонымен бірге экологиялық зиянды заттар бөлініп жатқан Каспий өңірінде болып жатыр. Тексеру жүргізіп, проблема көзін анықтауды; мұнай өндіруші компанияларға  қоршаған ортаға, әсіресе, су айдындарына зиянды заттар тастауға тыйым салуды; Жайық өзені суының жарамдылығын тексеріп, балық популяциясын қалпына келтіру секілді шаралар алуыңызды өтінемін”. 22 желтоқсан 2018, 00:46 4 995 рет қаралды
Жайықта балықтар тағы да қырылуда Экология

Жайықта балықтар тағы да қырылуда

Бүгін, 18 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Балықшы көпірінің астында қырылып жатқан балықтар туралы жаңа бейнежазба пайда болды. Бұдан бұрын бұл жер аммиактан өліп, шіріп жатқан балықтардан тазартылған еді. Су бетінде бірнеше өлі балық қалқып жүр, тағы бірнешеуі шала жансар күйде. Демек, су тазаланбаған немесе өзен әлі ластанып жатыр. Сурет Бейнежазба 18 желтоқсан 2018, 21:24 5 161 рет қаралды
Әуе жастығындағы кемелер қорықты құртады Экология

Әуе жастығындағы кемелер қорықты құртады

Солтүстік Каспийдің қорықтық аймағына «Қазмұнайгаздың» еншілес компаниясы - «КМG Systems & Services» ЖШС Жолаушылар терминал құрылысын салмақ. Компания әуе жастығындағы кемелермен Солтүстік-Каспий экологиялық мұнай төгіндісіне әрекет ету базасынан (әрі қарай - СКЭӘБ) тайыз сулы жермен Қашағанға және кері қарай қызметкерлер мен бірінші қажеттіліктегі жүктерді тасымалдауды жоспарлап отыр. Жұртшылық жобаны мақұлдамады. Алайда тыңдауды өткізілді деп таныды. Сурет 19 қыркүйек 2016, 15:11 4 454 рет қаралды
НКОК директоры Бруно Жарден: «Құбырдағы апатқа кінәлілер жоқ» Экология

НКОК директоры Бруно Жарден: «Құбырдағы апатқа кінәлілер жоқ»

Қашаған кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасының қоршаған ортаға әсерін бағалауға арналған НКОК Н.В. компаниясы ұйымдастырған қоғамдық тыңдауда компанияның басқарушы директоры Бруно ЖАРДЕН Қашағандағы құбыр апатына «кінәлілер жоқ» екендігін мәлімдеді. Сурет 16 маусым 2016, 18:24 4 662 рет қаралды
ЕЭА-дағы электр станциясы бойынша қоғамдық тыңдау өтті Экология

ЕЭА-дағы электр станциясы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Орхусс орталығының конференц-залында Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технобағы» еркін экономикалық аймағының (ЕЭА) инфрақұрылым нысандары құрылысының (Қарабатан мен Теңіз учаскелері) қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жөнінде қоғамдық тыңдау өтті. Бұл жолы әңгіме бір жоба – газ-турбиналық электр станциясының құрылысы туралы айтылды. 26 қазан 2015, 16:36 4 660 рет қаралды
Шындықты тек онлайннан табасың Экология

Шындықты тек онлайннан табасың

Сәрсенбіде, 23 қыркүйекте «Ренессанс» қонақ үйінде Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н.В.» (NCOCN.V.) 2016 жылғы табиғат қорғау іс-шаралары жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. 28 қыркүйек 2015, 11:03 5 126 рет қаралды
​Балық артельдерін «Новинскийден» қумайды Экология

​Балық артельдерін «Новинскийден» қумайды

«Новинский» мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалы енді «Ақжайық» резерватына бекітілген. Осыған қатысты балық кәсіпшілігіне жұмылдырылған бригадалар арасында түсінбестік туындап, кешікпей ол жерде балық аулауға тыйым салынады деген әңгімелер пайда болды. 16 сәуір 2015, 00:00 3 758 рет қаралды
Энергетика министрлігі заң бұзып отыр Экология

Энергетика министрлігі заң бұзып отыр

«Асықпаңдар, балықты үркітесіңдер!» («АЖ», 2.04.2015 күнгі №14) жарияланымында NCOC директоры Стефан де Майе ҚР Энергетика министрі Владимир Школьникке Каспий теңізінде 1 сәуірден 15 шілдеге дейінгі кезеңде құрылыс жұмыстарын жасауға тыйым салатын Экологиялық кодекстің 257 және 258-баптарына өзгеріс енгізуге жәрдемдесуін сұрап өтініш білдірді деп хабарланды. 9 сәуір 2015, 00:00 2 896 рет қаралды
Балық жоқ, әңгіме көп Экология

Балық жоқ, әңгіме көп

Атырауға екі күндік іссапармен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Бағдат АЗБАЕВ келді. Облыстық аумақтық инспекцияда өткен брифинг кезінде ол «Бекіре-2015» операциялары туралы, Жайықтың түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу мерзімдері және «Жайық Балық» КМК-нің алға қарайғы тағдыры туралы сұрақтарға жауап берді. 30 наурыз 2015, 12:07 4 143 рет қаралды
Теңіз каналын салғаны -заңды бұзғаны Экология

Теңіз каналын салғаны -заңды бұзғаны

«Теңізшевройл» ЖШС үшінші буынды келешек зауытына арналған 386 мың тонна көлеміндегі жүктерді тасымалдау үшін Солтүстік-Шығыс Каспийдің ерекше қорғалатын мемлекеттік қорық аймағынан теңіз каналын қазбақшы. Каналдың ұзындығы 66 шақырым, ені 66 м, тереңдігі 4,8 м. 26 наурыз 2015, 00:00 2 855 рет қаралды
Тыңдау және прокурорлық қызығушылық Экология

Тыңдау және прокурорлық қызығушылық

«ЖТМ. Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі нысандарға арналған жүктерді тасымалдау маршруты» жобасына берілген рұқсат беру құжаттарының заңдылығына прокуратураның көз салғаны туралы бейресми ақпарат көздерінен белгілі болды. 3 ақпан 2015, 14:43 3 419 рет қаралды
Анда Қарашығанақ, мында «Болашақ»... Экология

Анда Қарашығанақ, мында «Болашақ»...

Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылында 25 бала мен төрт ересек адам белгісіз затпен уланып, ауруханаға түсті. Жергілікті тұрғындар барлығына ауылдан бірнеше шақырым жерде орналасқан Қарашығанақ кен орны кінәлі екендігіне сенімді. Бұған қарап, атыраулықтардың да мазасызданатын жайттары бар: қаланың іргесінде «Болашақ» мұнай және газ тазалайтын ірі зауыт салынды. 3 желтоқсан 2014, 12:43 5 497 рет қаралды
"Канал құрылысы экологияға зиянын тигізеді" Экология

"Канал құрылысы экологияға зиянын тигізеді"

Бүгін, 26 қарашада Атырауда  «Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі нысандар үшін жүктер тасымалдау бағыты. Көлік кірме жолдары бар жағалау ғимараттары мен құрылыстар» жобасының Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі «ТеңізСервис» ЖШС-нің қоғамдық тыңдауы өтеді. 26 қараша 2014, 16:30 5 844 рет қаралды
Жанбайлықтардың жанайқайы Экология

Жанбайлықтардың жанайқайы

Исатай ауданы Жанбай селосынан 800 метр қашықтықта жатқан жерасты газының бұрқылдап қайнап, ауаға тарап жатқанына жеті айдың жүзі болыпты (суретте). Алайда, бұл мәселенің нақты шарасы алынбай келеді. Бұған жергілікті тұрғындар күйініп отыр.   15 тамыз 2013, 14:46 3 574 рет қаралды
Бекіре өсіру зауытындағы шабақтар теңізге жіберілді Экология

Бекіре өсіру зауытындағы шабақтар теңізге жіберілді

28 маусымда 2 миллионнан астам бекіре тұқымдас шабақтар Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытының балық өсіретін тоғандарынан шығарылды. Соның ішінде көктемгі балық аулау маусымында ауланған 300 келілік қортпаның шабақтары да бар («АЖ» №17, 25.03.13 ж., «Үлкен Бекіре күні» жарияланымын қараңыз). 2 шілде 2013, 18:12 13 636 рет қаралды
Ережелер туралы ескерту Экология

Ережелер туралы ескерту

«Каспий қайраңын дамыту» тақырыбында өткен конференцияда Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (ҚОҚМ) экологиялық заңнаманы ірі шетелдік инвесторлардың ұсыныстары арқылы реформалау ниеті туралы мәселе қозғалды. 24 маусым 2013, 12:06 5 371 рет қаралды
«Аралдарыңызды тексеру керек еді» Экология

«Аралдарыңызды тексеру керек еді»

Қашағанда мұнай өндіруге санаулы айлар қалғанда, осы алпауыт жобаға байланысты қауіп-қатерлер туралы Ресей мен Әзірбайжанның белгілі саясат және қоғам қайраткерлері сөз қозғаған болатын. 4 желтоқсанда Мәскеуде Каспий теңізін сақтауға жәрдемдесу қоры (Save Caspian Sea Foundation) ұйымдастырған халықаралық байқау қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында қатысушылар «Каспий – достықтың немесе келіспеушіліктің теңізі ме?» деген басты сұраққа жауап таба алмады. 10 желтоқсан 2012, 17:58 3 187 рет қаралды
Жайық әзірге Каспийге құйылып жатыр Экология

Жайық әзірге Каспийге құйылып жатыр

Мәселенің түйіні тарқатылды ҚР премьер-министрінің атына парламент мәжілісінің жаңа сайланған депутаты Талғат ЕРҒАЛИЕВТІҢ (бүгінгі күні іздеуде жүрген Аманжан РЫСҚАЛИДЫҢ орнына «Ақ Жол» депутаттық фракциясының тізіміне енгізілген) Жайық өзенін құтқару тақырыбына қатысты депутаттық сауалы біздің аймақтан сайланған мәжілісмендердің тарапынан қолдау емес, түсінбестік тудырды. 27 қараша 2012, 16:24 3 603 рет қаралды
Қарт Каспий күрсінді Экология

Қарт Каспий күрсінді

12 тамыз – Каспий күні 2003 жылы Тегеранда барлық бес Каспий маңы елдерімен Каcпий теңізінің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі Рама конвенциясына қол қойылды. Ол 2006 жылы 12 тамызда бекітілді. Содан бері қарай бұл күнді Каспий күні деп  атап өтеді. 16 тамыз 2012, 20:17 5 174 рет қаралды
Кеніштердің қойнауындағы бомба Экология

Кеніштердің қойнауындағы бомба

Мақаш РАХМЕТОВ, 80 жаста, Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, КСРО-ның құрметті мұнайшысы, «Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушы» белгісімен төрт мәрте марапатталған, «Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы». 13 маусым 2012, 18:45 3 189 рет қаралды
Жайыққа "жерленген" кемелер Экология

Жайыққа "жерленген" кемелер

Атырау аумағындағы Жайық өзенінде қараусыз қалған кемелер іріп-шіріп жатыр Өткен жылдың аяғында біз қала маңындағы өзен жағалауында бірнеше жыл бойына тот басып жатқан ескі екі жүзбелі зауыт-кемесін бұзу жұмыстары басталғаны жайлы хабарлаған едік (АЖ №49, 8 желтоқсан 2011 жыл, «Зауыт-кемелерді өзен ішінде «кескілеп» жатыр»). Сөйтсек сол кезде осы жүзбелі зауыт-кемелерді металл сынықтары ретінде сатудан түскен қаржыдан «Атырау Балық» АҚ өз жұмысшыларына көп күттірген жалақысын беріпті. 16 мамыр 2012, 22:08 8 103 рет қаралды
Полигонда достық бар ма? Экология

Полигонда достық бар ма?

Тайсойғанның тағдыры шешілетін күн жақын Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі 4 млн долларға жалға алған Тайсойған полигоны (Қызылқоға ауданы территориясының үштен бір бөлігі) 750 мың гектар жерді алып жатыр. Полигон аумағында тұрып жатқан елді мекен тұрғындары ондағы мұнай кеніштерін игеруді былай қойғанда, тұрғын үй құжатын да ала алмай отыр. Өйткені Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісім шартта полигон жері жеке немесе заңды тұлғаларға берілмейтіні атап көрсетілген. 25 сәуір 2012, 20:15 3 307 рет қаралды
Ағыс баяу қайтады Экология

Ағыс баяу қайтады

Атырау маңында мамырда басталатын су тасқынының шарықтау шегінде Жайық өзеніндегі су деңгейі өткен жылға қарағанда анағұрлым төмен болады. Бұл туралы Жайық-Каспий бассейндік су қорларын пайдалануды реттеу және қорғау инспекциясының бастығы Бисен ҚУАНОВ хабарлады. 25 сәуір 2012, 20:49 7 611 рет қаралды