Бүгін, 18 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Балықшы көпірінің астында қырылып жатқан балықтар туралы жаңа бейнежазба пайда болды. Бұдан бұрын бұл жер аммиактан өліп, шіріп жатқан балықтардан тазартылған еді. Су бетінде бірнеше өлі балық қалқып жүр, тағы бірнешеуі шала жансар күйде. Демек, су тазаланбаған немесе өзен әлі ластанып жатыр.
Біз ведомствоаралық комиссия мүшесі, бас мемлекеттік экологиялық инспектор Қайратқали ХАЙРОЛЛАҒА қоңырау шалдық.
- Бүгін комиссия мүшелері осы жерге барып, экология және қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінің қызметкерлері талдау жасау үшін судан және өлі балықтардан сынама алды, - деді Қ.Хайролла. - Нәтижесі ертең белгілі болады.
Әлия Қайырова
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Анастасия ШЕРСТЯНКИНА