Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылында 25 бала мен төрт ересек адам белгісіз затпен уланып, ауруханаға түсті. Жергілікті тұрғындар барлығына ауылдан бірнеше шақырым жерде орналасқан Қарашығанақ кен орны кінәлі екендігіне сенімді. Бұған қарап, атыраулықтардың да мазасызданатын жайттары бар: қаланың іргесінде «Болашақ» мұнай және газ тазалайтын ірі зауыт салынды.
«АЖ» қолына «Республикалық атмосфералық ауаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-тің «Болашақ» зауытының Атырау бассейніне тигізетін әсерін зерттеу қорытындылары бойынша баяндамасы тап болды. Зерттеулер қысқы және жазғы кезеңдердегі шттаттық режим, жоғары және төмен қысымды алауларда отын газын дүркіндеп жаққандағы лақтырындылар, зауытта шыққан өртке байланысты мүмкін болар апатты оқиғалар сияқты кәсіпорынның күнделікті жұмыс жағдайында ластаушы заттардың (ЛЗ) атмосферада таралуын математикалық модельдеу әдісін қолдана отырып жүргізілді.
Баяндамаға жүгінсек, зауытты пайдаланудың қалыпты режимдері жағдайында, сондай-ақ алауларда отын газын дүркіндетіп жағу кезінде «кәсіпорын лақтырындыларының құрамына енетін бірде-бір ингредиенттің тұрғын аймақтарда (Атырау қ.) шоғырлануы күтілмейді». Мамандар зауыттың санитарлық-қорғаныс аймағынынан нормалардан асу мүмкіндігін 39 ласатаушы заттар ішінен тек этилмеркаптан (196.55 ШРШ), метан (1.6170 ШРШ) және метилмеркаптан (11.858 ШРШ) сияқты үш химиялық түзілім бойынша ғана тапқан. Қауіптің ең басты шығу көзі де анықталды – «420 Қондырғысының отын газы құбыр желісіндегі бөгеу ысырмаларындағы шырағдан». Осыған байланысты баяндама авторлары бұрын бекітілген санитарлық-қорғаныс аймағы көлемін өсу жағына қарай кері қарауға кеңес берді.
Зерттеуде әрі қарай атмосфераны шикі мұнайды тасымалдауға және сақтауға арналған 220 қондырғыда өрт болған жағдайда қалыптасатын зиянды заттар лақтырындыларымен ластау ең қауіпті сипатта болады деп айтылған. Бұл жағдайда санитарлық-қорғаныс аймағы шекарасында ШРШ он және жүз есе артуы мүмкін. «Күкіртсутегі бойынша ең жоғарғы мүмкін болар деңгей тіркеледі (СҚА шекарасында 258,68 ШРШ және тұрғын аймақта 19,423 ШРШ)». Ал өрт кезінде атмосфераға 8-ден аса ластаушы заттардың жоспарланбаған лақтырындысы шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ««Болашақ» зауытының лақтырындылары құрамындағы кейбір заттармен атмосфераны нормадан тыс ластау ареалы тек кәсіпорынның санитарлық-қорғаныс аймағы шегінен шығып қана қоймай, Атырау облысы аумағының үлкен бөлігін, сондай-ақ көрші Ақтөбе облысы жерлерін қамтуы мүмкін».
Осылайша,ірі көлемді өрт тудыруы мүмкін зауыттағы төтенше жағдай жергілікті және тіпті, республикалық ауқымда экологиялық апат әкелуге қабілетті,- деп тұжырым жасайды зерттеу.
Дайындаған Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА