Атырау, 11 желтоқсан 05:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы: "Мүмкін мұнымен ҰҚК айналысып жатқан шығар, біз білмейміз ғой"

6 202 просмотра

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС балық өсіру шаруашылығындағы өлі бекірелер

Атырау облыстық әкімдігінің жанынан құрылған ведомоствоаралық комиссия әлі күнге дейін өткен жылдың желтоқсанында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу себебін анықтаған жоқ. "АЖ" тілшісі осыған қатысты Астанаға ҚР орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВКЕ қоңырау шалған еді. 

- Бұрынғыша жаңалық жоқ, - деп күрсінді Жүнісов. - Жайық-Атырау бекіре балығы зауытында, "Луговой жылқы зауыты" ЖШС-де, негізінен Жайық өзенінің арнасы мен Перетаска каналында 50,6 тонна өлі қара балық пен бекіре тұқымдас балық жиналды. Өзен суына жасалған зертханалық сынама нәтижесі хлоридтер концентрациясының артқанын, ал өлі балықтан аммиактың іздерін анықтады. Қозғалған екі қылмыстық іс аясында полиция зерттеу жүргізіп жатыр. Мұның өзеннің улануынан болғаны түсінікті, бірақ бұл у қайдан келген және кім кінәлі, әзірге анықталған жоқ.

- Комитет атыраулық балық қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтей ме?

- Кінәлілер анықталады - зиян солардан талап етіледі. Бастысы - балықтың қырылуы тоқтатылды. Қазір негізгі зиян мөлшері анықталып жатыр. 

Нариман ЖҮНІСОВ

- Сіз ұзақ жылдар бойы осы комитетте жұмыс істеп келесіз. Басқа өңірлерде осындай жағдайлар болды ма?

- Мұндай ауқымда болған емес. Оттегі жетпеуден қырылу болды, бірақ тікелей улануға қатысты болғаны есімде жоқ.

- Бәлкім, осындай ауқымды экологиялық апатты тергеумен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысқан жөн шығар?

- Мен бұған комментарий бере алмаймын. Балықтың қырылуы баспасөз бетінде кеңінен жариялануда. Егер ҰҚК бұл ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұр деп санаса, мүмкін тергеуге қатысатын шығар. Бәлкім, олар бақылау жасап, бізге белгісіз шаралар жүргізіп жатқан болар.   

- Мүмкін зерттеу жұмыстарына басқа, балама зертханаларды тартқан жөн шығар?

- Біз осы қылмыстық істі тергеу шеңберінде көптеп ғалымдарды, Алматыдағы тәуелсіз зертханаларды тарттық. Ветеринарлар барлық деңгейде зертханалық зерттеулер жүргізді. Біреулер әлденені бүгіп отыр деп ойламаймын.  Атыраудағы ахуалды айқындау үшін дүйсенбі күні комитетіміздің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Қадырбек ИСКАЛИЕВ барады. Балықтың қырылуы бізге тікелей бағынатын кәсіпорын - Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытында да болып отыр. Біз толықтырушы-аналық үйірді қалыптастыруға бірнеше жыл жұмыстандық. Бекіре аналықтары жақын арада уылдырық беруі тиіс еді...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қаңтар 2019, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.