Атырау, 27 шілде 04:28
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

«Аралдарыңызды тексеру керек еді»

3 002 просмотра

Қашағанда мұнай өндіруге санаулы айлар қалғанда, осы алпауыт жобаға байланысты қауіп-қатерлер туралы Ресей мен Әзірбайжанның белгілі саясат және қоғам қайраткерлері сөз қозғаған болатын. 4 желтоқсанда Мәскеуде Каспий теңізін сақтауға жәрдемдесу қоры (Save Caspian Sea Foundation) ұйымдастырған халықаралық байқау қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында қатысушылар «Каспий – достықтың немесе келіспеушіліктің теңізі ме?» деген басты сұраққа жауап таба алмады.

 

«ҚАШАҒАН ТУРАЛЫ КЕҢЕСТІК УАҚЫТ КЕЗІНДЕ ДЕ БЕЛГІЛІ БОЛҒАН»

Байқауға 5 Каспий маңы мемлекеттерінің журналистері қатысты және Қазақстан атынан жеңімпаздар ретінде мені және «Караван» республикалық газетінің тілшісі Светлана Новакты таңдады. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамсыз етуге жеке үлкен үлес қосқаны үшін қор сарапшысы, атыраулық «Каспий Табиғаты» ҮҚБ жетекшісі Махамбет Хакимовке және «Каспий» ғылыми орталығының жетекшісі, Баку мемлекеттік университетінің профессоры Шыңғыс Исмаиловқа құрмет грамотасы табыс етілді. Тағы айтып өтер жайт, ресейлік және қазақстандық саясаткерлар осы және басқа да экологтардың бұдан 10 жыл бұрын айтқан сөздерін бүгін айта бастағандары.

Кейбір деректерге сүйенсек, Каспий теңізіндегі дәлелденген мұнай ресурстары 10 миллиард тоннаны құрайды және мұнай мен газ конденцатының жалпы ресурстары 18-20 миллиард тоннаға бағаланады. Алайда осы ерекше су айдынының құқықтық мәртебесі жөнінде кейбір аспектілер әлі күнге дейін шешілмеген. Ресей жағы Каспий қауіпсіздігі және теңіз бейтараптығына кепілдікке теңізде тек ресейлік әскери-теңіз күштерінің үстемдік етуі жағдайында ғана қол жеткізуге болады деген пікірді қолдап отыр. Ресейдің жалпыкаспийлік қауіпсіздік жауапкершілігін мойнына алуға дайын екендігі және Каспийде АҚШ-қа бағынышты басқа әскери флоттардың пайда болуы мүмкіндігіне алаңдаушылығы ашық ақпарат көздерінен талай айтылған. Ресейдің бұрынғы отын және энергетика министрі, РФ-ның Каспий теңізі бойынша бұрынғы арнайы өкілі Виктор КАЛЮЖНЫЙ (суретте) бірқатар каспийлік мемлекеттердің әскери-теңіз күштерін күшейтіп жатқандарына алаңдаушылығын білдірді (Ресейді айтпағаны сөзсіз). Содан соң ол Солтүстік Каспийдің бекіре тұқымдас балықтардың жүру аймағы ретінде қорықтық мәртебесі бар екенін есімізге салды:

- Осы аумақта мұнай мен газдың жақсы кен орындары бар екені туралы кеңестік кезеңде де белгілі болған, бірақ теңіздің осы секторының ерекшелігіне және озық технологиялардың жоқтығына байланысты оны әзірлеуден бас тартылған болатын. Бізді Қазақстанның осы жерден мұнай өндіруге шығуы мұнай құрамындағы күкіртсутегінің көп екендігі бізді қатты алаңдатады, өйткені бұл экологияға орасан зардап әкеледі. Аққулар мен итбалықтар өлімі осының айғағы. Алайда уланудың нағыз себебі осы күнге дейін айтылмауда.

Калюжныйдың пікірі бойынша, 2003 жылғы Тегеран шектік конвенциясына және 2011 жылғы оның хаттамасына экологиялық жауапкершілікті қатаңдататын қосымша түзетулер қабылдау керек. Ол, сондай-ақ, алдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Иранда өтетін «Каспийдің бүгіні мен болашағы» тақырыбында конференция туралы хабарлап өтті. Тегеран осы мәселе турасында каспийлік мемлекеттер басшыларын кезектен тыс кездесуге шақыруды өз мойнына алып отыр.

 

ШЫНАЙЫ ЖӘНЕ ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕГІ ТЕҢІЗ

Бұрынғы мұнайшы Колюжныйдың ресейлік бір сарапшының экологиялық апаттар үшін мұнай компанияларының материалдық жауапкершілігін қарастыратын американдық заң үлгісінде ресейлік заң қабылдау туралы пікіріне жақтырмай қарағаны қызық болды. Ол Мексика шығанағындағы дүлей апат шығыны 40 млрд долларға шыққанын және осындай апат болған жағдайда мұндай шығындарды ешбір компания көтере алмайтынын еске салып өтті.

- Адам жаңа орынға келіп, не жасарын білмесе, ұйымды қайта ұйымдастырудан бастайды. Сондықтан да, барлығы шарттар мен келісімдерге тіреліп тұр. Мен СІМ-нің құқық бөліміне ресейлік және қазақстандық заңдарға, сондай-ақ бірлескен шарттарға жеке-жеке талдау жасауды сұрадым. Бұлардың барлығы халықаралық нормаларға толықтай сәйкес келеді, еш кемшілігі жоқ, тап-таза. Алайда, мәселе олардың жұмыс жасамауында ғой. Бекіреге осы қағаздармен көмектесе алмайсың!

Сонымен қатар, Калюжный Қашағандағы жасанды аралдар құрылысында қолданылған технологиялар мен материалдарға күдікпен қарады:

- Сол жерде небары 4 метр тереңдік және бекіре жүретін 15 см тұнба қалыптасқан. Мен сол аралдарды тағы бір нақты тексерер едім, онда шикіліктер бары анық.

Тек сөзінің аяғында ол саяси мәдениеттілікті есіне түсіріп, өзінің кен орнын әзірлеуді тоқтату мақсаты жоқ екенін айта кетті. Бүгінгі күні «Каспий суына тиіспей-ақ» мұнай өндіруге мүмкіндік беретін көлденең бұрғылау сияқты жаңа технологиялар бар екенін тілге тиек етті.

 

ЛОНДОННАН КӨЗҚАРАС

Каспий теңізін сақтауға жәрдемдесу қорының сарапшысы және осындай қорды Қазақстанда да құруды ұсынған атыраулық «Каспий Табиғаты» ҮҚБ жетекшісі Махамбет ХАКИМОВ атақты «Гринпис» халықаралық ұйымының экологиялық қызметінің талғамдығы туралы сөз қозғады. Оның сөзіне жүгінсек, мәңгілік достыққа ант бергеннен басқа ұйымның мәскеулік өкілдерінен тұшымды еш нәрсе ала алмаған.

Қордың келесі бір сарапшысы қуғындағы қазақстандық саясаткер Серікжан МАМБЕТАЛИН (суретте) (ол Лондонда тұрады. – Л.С.) қорықты жерде мұнайды қалай өндіруге болады деп таңданды:

- Бүгінгі күні біз биліктің ұзақ мерзімді мүдделерден қысқа мерзімдік мүдделерді жоғары қоятынын көріп отырмыз. Әлемдегі бекіре тұқымдас балықтардың 90%-ы Каспийде, ал ашық теңізде мұнай өндіру олардың тағдыры тығырыққа тірейді деген сөз.

Батыстық компаниялардың екіжүзділігі жөнінде ресейлік қоғам қайраткері Гейдар ДЖЕМАЛЬ қатты айтты:

- Олар өз отандарында барлық заңдарды сақтайды, озық «жасыл» технологияларды қолданады, ал бұрынғы кеңестік мемлекеттерге келгенде бұлар туралы ұмытады. Отарлау қағидаттары бойынша жұмыс жасайды. Осы лас әрекеттері туралы шындықты әлемдік қауымдастықтың біліп қоюынан ғана қорқады. Егер олар білетін болса, компанияларда үлкен проблемалар пайда болар еді. Міне, олар қазір де жаңа технологияларға қаражат салғылары келмейді. Оларға аралдар астына еріп су түбі қабатын жабатын әк төккен оңай, ал бұл жағдайда бекірелер қоректене алмайды.

 

«ГАЗДЫ ҰСТАУ МҮМКІН ЕМЕС»

Баспасөз конференциясы біткен соң мен В. Колюжныйға бірнеше сұрақтар қойдым.

- Сіз жануарлардың күкіртсутегімен улануы туралы айттыңыз, ағу қай жерде орын алған?

- Күкіртсутегінің ағуы 2000-жылдардың ішінде Теңізде болған. Бірақ тексеруді тоқтатып қойған. Мен мұнай өнеркәсібінде, соның ішінде көптеген мұнай төгінділері бар Сібірде көп жыл жұмыс істедім. Балықтар үшін ең басты қауіп мұнай төгінділерінен емес, күкіртсутегілерден келетінін басып айтқым келеді. Мұнайды жинап алуға болады, ал газды ұстау мүмкін емес.

- Қазақстандық интернетте мәжіліс депутаты Қуаныш СҰЛТАНОВТЫҢ каспийлік мемлекеттердің бір кезекті кездесуінде РФ-ның бұрынғы президенті Борис ЕЛЦИННІҢ Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА Қашағанды Ресейге беруін өтінгені туралы естелігі көп талқылануда. Бүгін баспасөз конференциясында жобаға қатысты көп сындар айтылды. Осы жерде еріксіз бір сұрақ туындайды: бүгінгі таңда Ресейдің Қашаған жобасына қатысуы өзекті ме?

- Жоқ, Ресей басынан бастап Қашағанға қызықпаған еді. Құрманғазы үшін талас болғанын білем, қашаған үшін жоқ. Жоба өте қиын, сондықтан да Ресей бәсекелес ретінде қатысқан жоқ.

Баспасөз конференциясының соңғы жағында ресейлік гламурлы суретші Никас САФРОНОВ (суретте)қорға өз суретін сыйлап, Каспийді сақтау сауапты ісіне басқа да шоу-бизнес өкілдері де өз үлестерін қосу керек деп айтып өтті.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

10 желтоқсан 2012, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.