Атырау, 21 желтоқсан 07:02
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бізде балық қай кезде және қалай қырылды?

Бейнежазба
3 822 просмотра


Жайықтағы балықтар қырылып жатқан оқиғалар аясында «АЖ» біздің өңіріміздегі соңғы 7 жыл ішіндегі ұқсас оқиғаларды еске түсірді.

2011 жыл, маусым

Махамбет ауданының су қоймаларында және Сарыөзекте бір тоннадай балық қырылды. Себебі белгісіз болып қалды.

2012 жыл, сәуір

Еркінқаладағы Рыбоходный каналында жергілікті тұрғындар мыңдаған өлі сазан тапты. Себеп: қыста балыққа оттегі жетіспеген. Бұдан басқа, Каспий теңізінде 35 өлі итбалық табылды.

2014 жыл, маусым

Ортақшыл ауылының маңындағы суару каналында жүздеген өлі шабақ табылды. Себеп: сорғыны пайдалану кезінде балық қорғау шараларының сақталмауы.

2015 жыл, мамыр

Құрманғазы ауданының Атөткел каналында барлығы 2,5 мың дана қара балықтың қырылғаны тіркелді. Себеп: оттегі жетіспеушілік. Бұдан басқа, “Ақжайық” резерватының аумағындағы Шыманөзек каналында 2 тонна табан балық, мөңке балық және қаракөз жаппай қырылды.

2015 жыл, шілде

Махамбет ауданының Ақжайық ауылының маңындағы бөлінген су қоймаларында мөңке балық жаппай қырылды. Себеп: оттегі тапшылығы.

2017 жыл, наурыз

Жылыой ауданында балық жаппай қырылды. Уәкілетті органдар балық толығымен шіріп кеткендіктен тексеруден бас тартты.

2018 жыл, шілде

Жылыой ауданындағы Жем өзенінде балықтар жаппай қырылды. Себеп: Ақтөбе облысының Мұғалжар тауларынан су аз келгендіктен табиғи мекендейтін орта тапшы болған.



Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

12 желтоқсан 2018, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.