Атырау, 9 желтоқсан 20:53
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Жануарларға жан тыныштығы керек

3 004 просмотра

Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының қызметкерлері жабайы жануарлардың қысқы есебін аяқтады. Өткен жылмен салыстырғанда, сүтқоректілер саны өзгермеген.

Жабайы жануарлар есебі жылына бір рет қыста жүргізіледі. Өйткені қар бетіндегі іздердің есебі қара жердегіге қарағанда анағұрлым дұрыс деп есептеледі. Бұл тұрғыда биылғы қарлы қысты керемет деп атауға болады.

- Сүтқоректілер мен қыстап қалатын құстарды есептеу процедурасын аңшылық ісін пайдаланушылар мен біздің ғылыми қызметкерлеріміз жүргізді, - дейді «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ғылым және мониторинг бөлімінің бастығы Александр ИВАСЕНКО. Оның айтуынша, аса ерекше қорғалатын табиғи аумақтан есеп жүргізілген кезде 125 қабан, 25 қасқыр, 80 түлкі, 350 жанат тәрізді иттер мен 54 орқоян тіркелген. Қыстақтан аққұйрық субүркіт, батпақ құладыны, тазқара, көксары, үкі құстары есепке алынды. Қысқы уақытта кездесетін жыртқыш құстардың көпшілігі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Жануарлардың саны тұрақты боп қалып отыр.

Аңдар үшін суық пен жел қиын тиіп тұр. Бұдан басқа, қазір браконьер балықшылар өте белсенді, олар қалың мұздың үстімен машинамен және мотоциклдермен жайбарақат жүре береді.

- Үнемі дарылдайтын моторлар аңдар үшін мазасыздық факторы боп табылады. Резерваттың инспекторлық құрамының өз күшімен ғана Жайық өзенінің сағасы мен тармақтарын ретке келтіру мүмкін емес, - деп алаңдаушылық білдіреді А. Ивасенко. Барлық табиғат қорғау және құқыққорғау органдары осы жағдайдан хабардар...

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 ақпан 2012, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.