Атырау, 21 желтоқсан 07:06
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Өлі балықтарды зерттеу мүмкін емес»

Бейнежазба
5 113 просмотра


22 наурызда «АЖ» сайтында Жылыой ауданындағы балықтардың жаппай қырылуы туралы бейнежазба («Өзіме де, өзгеге де жоқ») жарияланған еді.

Облыстық табиғат қорғау прокуроры Владимир МАЛАХОВТЫҢ қолы қойылған жауапта былай делінген: «Бұл факт Жылыой ауданының Жем өзенінде орын алған. Қазіргі кезде табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасымен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының күшімен су қоймасы өлі балықтардан тазартылды, сынамалар алынды. Алайда, балықтар бұзылғандықтан, оларға зертханалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Жануарлар дүниесіне тигізілген зиян сомасы есептелуде. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етуге міндетті.

Осыған байланысты Жылыой аудандық әкімдігіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 сәуір 2017, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.