Атырау, 21 желтоқсан 09:44
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Медициналық экспедиция Құрманғазыда

3 175 просмотра

Құрманғазы ауданының Балқұдық ауылында Азғыр әскери полигонындағы ядролық сынақ зардаптарын зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Зерттеу жұмыстарын Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың мамандары Семей қаласындағы Радиациялық және экология ғылыми-зерттеу институты мен Алматыдағы ядролық физика институтының мамандарымен бірлесіп жүргізуде. Мамандардың бақылауына алынған жергілікті тұрғындардың жасы, негізінен, 50-ден асқандар, яғни олар мұнда ядролық сынақ кезінде де, одан бұрын да және кейін де өмір сүрген байырғы тұрғындар (еске сала кетейік, Азғыр өңірінде 1966-1979 жылдары 17 жерасты ядролық жарылыс жа­сал­ған).

Курчатовтан келген дәрігер-генетик Мара БИТЕНОВАНЫҢ айтуынша,қазіргі кезде зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын. Зерттеу нәтижелері жыл соңына дейін белгілі болады. Ал осының алдында зерттеу жүргізген Азғырдағы медициналық экспедицияларға қатысқан медицина ғылымдарының кандидаты Гүлнара ТАУМАНОВАМЕН болған сұхбатымыз жарық көрген соң («ЖС» №41, 10.10.2013 ж., «Азғыр мен Тайсойғанда генетиктер жұмыс істеуі тиіс»), оны облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ БИСЕМБИЕВ 17 қазан күні Астанада өтетін қоршаған ортаны қорғау министрлігінің комиссия отырысына қатысуға шақырды. Онда Азғыр мен Тайсойғанды ары қарай зерттеу мәселелері қарастырылады. 

Айнұр САПАРОВА

17 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.