Атырау, 21 желтоқсан 10:08
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда

Берікбай Өміров: «Иә,  жыңғыл біздің сакурамыз!» Экология

Берікбай Өміров: «Иә, жыңғыл біздің сакурамыз!»

Облыс әкімінің көгалдандыру бағдарламасы оң бағыт алғанға ұқсайды. Біраз шулатқан метасеквойяға қатысты тәжірибелерден соң барлығы да біздің қара ағаштан артығын таппады. Қалада жергілікті тәлімбақтан алынған біздің жерімізде өсуге бейімделген ағаштарды отырғызу бойынша күзгі сенбіліктер үнемі өткізіліп отыратын болды. Сарыөзектегі осы тәлімбақтың иесі  және «ЭкоСтандартСервис» ЖШС-нің директоры Берікбай ӨМІРОВ Атырауды көгалдандыруға арналған өз бағдарламасын жүзеге асырмақшы. 3 қараша 2011, 20:25 11 234 рет қаралды
Мақат пен Доссор қыстан жылусыз қалай шығады? Қоғам

Мақат пен Доссор қыстан жылусыз қалай шығады?

Мақаттағы үш жылу қазандығының бірде бірі жұмыс жасамайды. Орталық жылу қазандығы 2009 жылы жұмысын тоқтатса, «Газшылар» мөлтек ауданындағы қазандық  былтыр, ал «Болашақ» мөлтек ауданындағы жылу қазандығы биылдан бастап жабылған. Көпқабатты үйлер саны:  Мақатта- 61, Доссорда -24. Күні бүгінде бұл үйлердің барлығы орталық жылу қазандығынан ажыратылып тасталған. Доссорда да осындай жағдай. Жағдай түзелмесе мақаттықтар мен доссорлықтар ереуілге шығатындарын ескертіп отыр. 2 қараша 2011, 19:24 5 304 рет қаралды
Қоғам

Қызылордалықтардың тәжірибесі біздің баға үшін тиімді емес

Қызылорда қаласында балабақшаның жетіспеушілігі проблемасын жеке балабақшалар есебінен шешіп отыр. Біздің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері өз әріптестерінің тәжірибесімен алмасу үшін аталмыш қалаға барып қайтты. 26 қазан 2011, 18:58 2 775 рет қаралды
Авангард «Теңізшевройлдың», Алмагүл  Аджиптің еншісінде Экология

Авангард «Теңізшевройлдың», Алмагүл Аджиптің еншісінде

Облыс басшылығы биылғы жылы Атырауды көгалдандырудың кешенді бағдарламасын  жүзеге асыру жұмыстарының басталғандығы  жөнінде жариялаған еді. Көгалдандыру науқанының негізгі бөлігін табиғат пайдаланушылар қаржыландыратыны айтылған болатын. Алғашқылардың бірі болып «АМӨЗ» директоры Талғат БАЙТАЗИЕВ хабарласты. Ол зауыт күшімен қала көшелерінің бірін көгалдандыруға ұсыныс білдірген. Оның артынша басқалары да қолдау таныта бастады. 13 қазан 2011, 18:01 5 587 рет қаралды
Жеке балабақшалар ақысы: Атырауда - 70 мың, Ақтөбеде - 20 мың Қоғам

Жеке балабақшалар ақысы: Атырауда - 70 мың, Ақтөбеде - 20 мың

Бізге үйреншікті балабақшалар – ұзын-сонар кезек пен лық толған топтардан тұрады. Ал жеке балабақшалардың жағдайы анағұрлым жақсы. Топтағы балалар саны 15-20-дан аспайды. Олармен логопедтер, психологтар, хореографтар айналысады, оларға ағылшын тілін үйретеді. Одан басқа, заманауи ойыншықтар, қолайлы балалар керуеті (жиналмалы керуеттің орнына) және ешкіммен бөліспейтін киім салатын шкафтар бар. 12 қазан 2011, 18:26 12 807 рет қаралды
Ұлттық қолөнерді дамыту өскелең ұрпақтың борышы Мәдениет

Ұлттық қолөнерді дамыту өскелең ұрпақтың борышы

Ұлттық қолөнерді дамыту үшін не істеу керек? Бабадан қалған дәстүрді қайткенде шашауын шығармай ұрпаққа қалдыруға болады? Бұл сауалдарға жауап  жуырда өткен семинарда ізделді. Оған қаладан және аудандардан әуесқой және кәсіпқой қолөнершілер қатысып, өз бұйымдарын көрмеге ұсынды.      6 қазан 2011, 12:03 20 398 рет қаралды
Денешынықтыру-сауықтыру кешені, балабақша және 60 пәтерлік үй берілді Басқа жаңалықтар

Денешынықтыру-сауықтыру кешені, балабақша және 60 пәтерлік үй берілді

26 қыркүйекте Атырауда екі әлеуметтік нысан ашылды. Бірі - Балықшы поселкесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені, екіншісі - Привокзальныйдағы балабақша. Сол күні Нұрсаядағы кезекті үйдің кілті де тапсырылды. 29 қыркүйек 2011, 17:33 12 230 рет қаралды
Қоғам

Балалар емханасы ма әлде ата-аналарға арналған шайқас алаңы ма?

«Құрметті ата-аналар, егер сіздер тірі қалғыларыңыз келсе, ал сәбиіңізді аяусыз психикалық зақымданудан қорғағыңыз келсе, Алмагүл ықшам ауданындағы жаңа балалар емханасына бармаңыздар. Тексерусіз мөр соқтырып алу үшін және «көзбен» қойылған диагноздарды болдырмас үшін, сол жерде 2 000 теңге берсеңіз жеткілікті. Сізге тексеруден өтпей-ақ, мөр соғып береді. Есесіне ата-аналар мен балалардың миллиондаған жүйке талшықтары құртылмайды. 22 қыркүйек 2011, 20:15 4 093 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Кітапханашылар көше кезіп жүр

«АЖ» өткен нөмірінде («Әкімдіктерге өрт қаупі төніп тұр») Индер ауданындағы мектептер мен балабақша, әкімдік ғимараттары өрт қауіпсіздігін сақтамау шараларына жол бергені үшін экономикалық соттың шешімімен жабылатыны жөнінде жазған едік. Жуырда осы ауданға қарасты мәдениет үйлері мен кітапханалар ақыры жабылып тынды. 22 қыркүйек 2011, 20:24 2 563 рет қаралды
АХАЖ-ға бармай-ақ үйленуге болады Басқа жаңалықтар

АХАЖ-ға бармай-ақ үйленуге болады

Нұргүл ЖҰМАҒАЛИЕВА электронды қолтаңбаның көмегімен түрлі қызмет түрлерін жеңілдету үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келіпті. «Мүліктер бойынша анықтамалар алып, коммуналдық қызметтерді төлеп, басқа да нәрселерді электронды түрде атқаратын боламын, осылай анағұрлым қолайлы», - дейді Нұргүл. 8 қыркүйек 2011, 21:00 7 662 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Мұғалімдер жалақысына үстеме ақы қосылады

1-ші қыркүйектен бастап мұғалімдерге үстеме ақы қосылатын болады. Бұл үстеме тек жоғары санатты мұғалімдерге ғана емес (басында солай жоспарланған еді) барлық ұстаздар қауымына тиесілі. 1 қыркүйек 2011, 23:09 4 017 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Бюджеттің бүйірі босамақ

Қалалық билік бюджет қаржысын 2,5 миллиард теңгеге қысқартады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың XXIV-ші сессиясында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Әлсейіт САБЫРОВ хабарлады.  25 тамыз 2011, 23:01 2 783 рет қаралды
Қоғам

Балабақшаның “жасы” - 74-те

«АЖ»-ның өткен нөмірінде («Байшонас босып кеткелі отыр», АЖ №32, 11 тамыз 2011ж.)  бағы тайған Байшонастың жағдайын жалпылама көрсеткенбіз. Енді жеке-жеке тоқталмақпыз. Соңғы елу жылдан бері Байшонас ауылында әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру назарда болмапты. Соның салдарынан ескілері құлап, бары көмекке зәру болып отыр. 18 тамыз 2011, 22:35 2 931 рет қаралды
Байшонас босып кеткелі отыр Қоғам

Байшонас босып кеткелі отыр

Байшонас туралы «АЖ» («Адыра қалған Байшонас», «АЖ» №19, 12 мамыр 2011 жыл) бетінде материал жарық көргелі үш ай өтті. Алайда ашулы халық қоңыраулатқан соң тағы барғанбыз. Олар өздерінің мәселесі шешілмесе шеруге шығатындарын айтып отыр. 11 тамыз 2011, 20:03 7 510 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Балабақша көбейеді

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ ұсынған ақпараты бойынша, бүгінгі күні мемлекеттік меншікке үш балабақша: Авангардтағы 280 орынға арналған №19 «Шұғыла», Привокзальныйдағы (бұрынғы балалар мен жас өспіоімдер спорт мектебінің ғимаратындағы) 280 орынға арналған және оған қосымша 120 орындық жанама құрылысы бар №13-ші «Балапан» балабақшасы және 140 орынды «Светлана» маңындағы бұрынғы балалар емханасының ғимаратындағы балабақша қайтарылып, қайтадан жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. 4 тамыз 2011, 16:16 2 754 рет қаралды
Балалық шақтың ертегі-әлемі Басқа жаңалықтар

Балалық шақтың ертегі-әлемі

№54 «Айгүл» балабақшасы нағыз ертегі әлеміне айналды. «Ғажапты қолмен жасаймыз» акциясына балабақшаның барлық қызметкерлері және балалардың ата-аналары қатысты. Ғажайып ертегі әлемі пластик бөтелкелерден, автокөлік дөңгелектерінен және басқа да қалдық алаңынан табылатын қажеттілігі жоқ деген заттардан жасалды.  28 шілде 2011, 02:25 25 845 рет қаралды
«Шамшырақ» балабақшасын қала өз қолына алмақ Басқа жаңалықтар

«Шамшырақ» балабақшасын қала өз қолына алмақ

Ведомствалық «Шамшырақ» балабақшасы «Атыраубалықты» меншікке айналдыру науқанының құрбаны болды. Осы жылдың көктемінде зауыт басшылығы балабақшаны жауып тастаған еді. Соның нәтижесінде 140 бала далада қалды. 21 шілде 2011, 00:49 3 348 рет қаралды
Ереуілшілер штрейкбрехерлерге сес көрсетті Саясат

Ереуілшілер штрейкбрехерлерге сес көрсетті

«Өзенмұнайгаз» компаниясының мыңдаған жұмысшылары ереуілге шыққан Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы ахуал ушығып кетті. Демалыс күндері ереуілге шығушыларды полиция күштеп таратпақ болғаннан кейін, оларға қала тұрғындары да қосылды. 14 шілде 2011, 00:35 6 376 рет қаралды
Балық зауыты кімнің еншісінде? Экономика

Балық зауыты кімнің еншісінде?

«Бұрынғы В.И.Ленин атындағы балық комбинатының» зейнеткері Орынай ХАСАНОВА «АЖ» газетіне хат жолдапты. Хаттың мазмұны төмендегідей: «Өз уақытында балық қалбыр комбинаты еліміздегі балық шикізатын өңдеу жөніндегі ең ірі кәсіпорынның бірі болды. Оның қызметкерлерінің саны үш мың адамға жететін. Комбинатта жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалды - өзінің балабақшасы, медициналық қосыны, буфеттері мен асханасы, демалатын бөлмелері болды. Комбинаттың ауласында комбинат қызметкерлері үшін... 23 маусым 2011, 19:46 5 907 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 5 айы ішінде қаржы полицейлері 50 сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтады. Сотқа 44 қылмыстық іс жолданды. Олар бойынша мемлекетке 229 млн. теңге зиян келтіріліп, оның 224 млн-ы өндіріліп алынған. Көбінесе сыбайлас жемқорлық ауыл шаруашылығы, білім беру және мемлекеттік нысандар құрылысы саласында кездеседі. 23 маусым 2011, 16:53 2 492 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Сыңғырла қоңырау тағы да...

1 маусымнан бастап қала мектептері бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдауды бастады. Ол 30-шы тамызға дейін жалғасады. Мектептерге құжаттарды қалай тапсыру керектігі туралы бізге қалалық білім бөлімінде айтып берді. 16 маусым 2011, 00:44 3 675 рет қаралды