Атырау, 23 қараша 23:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызылордалықтардың тәжірибесі біздің баға үшін тиімді емес

2 642 просмотра

Қызылорда қаласында балабақшаның жетіспеушілігі проблемасын жеке балабақшалар есебінен шешіп отыр. Біздің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері өз әріптестерінің тәжірибесімен алмасу үшін аталмыш қалаға барып қайтты.

«Жеке балабақшалардың мемлекеттік балабақшалармен серіктестігі жөніндегі тақырып «Балапан» бағдарламасында жасақталды,-дейді қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі бөлімінің бас маманы Гүлнәр ЖОЛМҰХАНОВА. – Мұндай серіктестік іс жүзінде қалай?  Айталық бір жеке балабақша ашылады. Ол өзінің үш тобының біріне мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдайтын болады, яғни, қалалық білім бөлімінде балабақша кезегінде тұрған балаларды қабылдайды, сөйтіп мемлекеттен дотация алады. Мәселен, Қызылордада ондай топтағы балалардың ата-аналары бар болғаны 10 мың теңге төлейді. Бұл қалада, ал, селода – 4 мың теңге. Әкімдіктен дотация әрбір балаға 14500 теңге көлемінде төленеді. Бұл дегеніңіз тиімді де қолайлы. Сондай-ақ, ведомстволық балабақшалар да жұмыс жасайды. Бізде, мәселен, АМӨЗ-ның 280 орындық ведомстволық балабақшасы бар. Қазір олар 120 орындық қосымша ғимарат салуда. Менің ойымша, олар осы орындарға мемлекеттік тапсырыс бойынша бала қабылдауларына болады. Өйткені, бізде қаланың барлық балабақшасына ата-аналары осы зауытта жұмыс жасайтын балалар қабылданған. Біздің де балаларымыздың олардың балабақшасына бару мәселесін неге шешпеске?» Мемлекеттік балабақшалармен серіктестік идеясы жаман емес. Алайда, Қызылордадағы жағдай мен біздегі жағдайды салыстыруға болмас. Оларда жеке ақылы балабақшалар ақысы бізге қарағанда барынша төмен – айына 10-20 мың теңге. Жеке балабақшалар саны – 56. Онда оларды негізінен жеке шаруа қожалықтары бар кәсіпкерлер ашып отыр. Сол себепті олар азық-түлікке көп қаржы жұмсамайды. Оған қосымша олар мемлекеттен дотация алады. «Қызылорда облысының әкімі мынадай ойын ортаға салды, егер жеке балабақшалар мемлекеттік тапсырыс бойынша белсенді түрде жұмыс жасайтын болса, онда мемлекетке балабақшаларды  салудың  қажеттілігі болмай қалады»,- дейді Г.Жолмұханова. Біздегі жағдай басқаша. Жеке балабақшалар саны бар-жоғы алтау ғана. Айлық ақысы – 30 мыңнан 70 мыңға дейін. Біздің жеке балабақшалар мемлекеттік серіктестікке келіскен жағдайда, жергілікті қазынаға дотацияны айтарлықтай  арттыруға тура келеді. Мұндай жағдайда өзара серіктестік қаншалықты тиімді болады? Өкінішке орай, жеке балабақшалар иесінің пікірлерін білу мүмкін болған жоқ. Семинарда екі жеке - «Таза бұлақ» және «Жанерке» балабақшаларының  ғана өкілдері болды. Алайда, «Таза бұлақ» балабақшасының әкімшісі өз директорының келісімінсіз түсінік беруден бас тартты (директор орынында жоқ, ұялы телефонына да хабарласу мүмкіндігі де болмады). «Жанеркедегілер» Қызылордаға барған қызметкердің  қазір еңбек демалысында екендігін айтты.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

26 қазан 2011, 18:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.