Атырау, 23 қараша 08:18
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұялы телефонмен сырыңды бөліс

2 732 просмотра

Жас атыраулықтар мен олардың ата-аналарына бірін-бірі түсінуге тырысу үшін «sms арқылы сауал қой» атты айрықша акцияға қатысу ұсынылып отыр. 

Отбасында түсінбестік, бірін-бірі жазғыру, ұрыс-жанжал және өзге де кикілжіңдер болады емес пе? 15 тамыздан бастап Атырау облыстық балалардың құқығын қорғау департаменті «Кар-Тел» компаниясымен бірге акция жүргізіп отыр. Акция шеңберінде балалар да, ата-аналар да тегін sms-хабарламаны 915 нөміріне жібере алады. Әке-шешелері, мәселен, өз бетімен кеткен жасөспірімге қатысты кеңес ала алады. Балалар болса, өздеріне жасалған дөрекі әрекет фактілері жөнінде (кемсіту, соққы және т.б.), егер сондай жағдай орын алған болса, хабарлай алады. Психологиялық проблемалардан бөлек, өзекті ахуалдар да қарастырылады. Мәселен, оқу жылының басталуымен байланысты мектептер мен балабақшалардағы орындардың тапшылығы және т.б. Бұл мәселелерді департаментте бекітеді. Олар жеке тәртіппе міндетті түрде қаралатын болады. 

«Кар-Тел» компаниясының Атырау филиалындағы баспасөз хатшысы Қырмызы ТӨРЕБАЕВАНЫҢ айтуынша, акция шеңберінде арнайы қосылған қысқа нөмір 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін отыз күн жұмыс істейді. Әңгіме тек қана Атырау облысында тұратын Beeline абоненттері туралы болып отыр.  

Балалардың құқығын қорғау жөніндегі департамент бөлімінің бастығы Фатима БАЙМҰХАНОВАНЫҢ айтуынша, акция мақсаты – аймақ тұрғындарының балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша ақпараттандырылуын жетілдіру.  

Анастасия ПАСТУХОВА

25 тамыз 2011, 00:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.