Атырау, 24 желтоқсан 05:55
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Сыңғырла қоңырау тағы да...

3 455 просмотра

1 маусымнан бастап қала мектептері бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдауды бастады. Ол 30-шы тамызға дейін жалғасады. Мектептерге құжаттарды қалай тапсыру керектігі туралы бізге қалалық білім бөлімінде айтып берді.

 

Жаңа 2011-2012 оқу жылында Атырау мектептерінің бірінші сыныбына мамыр айындағы есеп бойынша төрт жарым мыңнан аса бала бармақшы. Мектептерде бірінші сыныпқа қабылдау ҚР «Білім беру туралы» заңының негізінде жүзеге асырылады. Бір өкініштісі, бұл ата-аналарға өздерінің балалары үшін таңдау құқығын бермейді. Болашақ бірінші сыныптықтарды мектептер  тұрғылықты мекен-жайы бойынша  қабылдайтын болады. Бұл ережелердің тек лицейлер мен гимназияларға қатысы жоқ.

№17 лицейге, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияға, №13-ші ұлттық гимназияға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұдан басқа, 38 жалпы білім беретін мектептерде математикалық және гуманитарлық профилді гимназия сыныптары бар. Бұл сыныптарға да жолдама алу үшін балалар қабылдану тестілерінен өтуге тиісті. Бірінші сыныптықтар үшін қабылдау бойынша өткізілетін әңгімелесуге өтініштерді қабылдау аяқталды. Қазір балалар гимназиялық сыныптарға, гимназия және лицейге қабылдау тестілерін тапсыруда. Осындай тестілердің сауалдары мен тапсырмаларының болашақ бірінші сыныптықтар үшін қиын болып келетіндігіне ата-аналар жиі шағым айтады. Алайда, бізге қалалық білім бөлімінде түсіндіргендей, тапсырмалар оқу мекемесінің талаптарына қарай мұғалімдердің шығармашылық тобымен жасақталады екен. Оқу мекемелерінің бірінде баланың  өзі, жанұясы туралы сұрап, баланың қабілеттілігі мен ой-өресін білу үшін емтихан комиссиясы біраз аса қиын емес сауалдарды қояды.  Ал, енді бір білім мекемелері балабақша түлектеріне математикалық есептерді шығарып, оқуды талап етеді. Ата-аналар кез-келген жағдайда өз балаларымен болатын әңгімелесуге қатысуға құқылы екендіктерін білуге тиісті.

Әдеттегі жалпы білім беретін мектептерге  балалар  ешқандай әңгімелесу және тестілеуден өтпей-ақ қабылданады. Баланы бірініші сыныпқа қабылдау үшін мынадай құжаттар тапсырылуы керек:

- оқу мекемесінің директорының атына ата-аналардан (немесе оларды алмастыратын тұлғалар) өтініш;

- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- баланың денсаулығы туралы медициналық анықтама, №26 және  №063 форма;

– мекен-жайынан берілетін анықтама немесе тұрғылықты мекен-жайын растайтын басқа да құжаттар.

Тамара СУХОМЛИНОВА

 

16 маусым 2011, 00:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.