Атырау, 24 қараша 01:44
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әкімдіктерге өрт қаупі төніп тұр

2 120 просмотра

Индер ауданында ТЖ ықпалымен өрт қауіпсіздігін сақтамаған бірнеше ғимарат жабылып тынды.

Ғимараттардың ескілігі өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларын алуға қолайсыз. Аудандық ТЖ өткен жылдан бастап дабыл қаққанымен, бұған пысқырып та қарамағандардың есігіне қара құлып салынуы мұң екен, дүрлігіп шыға келді. Көктоғай, Өрлік, Есбол, Жарсуат округі әкімдіктерінің ғимараттары заңдылықты бұзғандардың қатарында.

 - Атырау облысы ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Өрлік, Көктоғай, Есбол, Елтай, Аққала, Жарсуат, Индербор поселкесіндегі ғимараттар ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының ережесін бұзғаны үшін бір және үш айға жабылды. Және аудандағы үш балабақша осы кепті киген. Бұдан бөлек Индербор поселкесіндегі М. Әуезов, С. Сейфуллин, Көктем орта мектептері, бұдан басқа алты ауылдағы мектептер осы заңдылықты бұзған. Егер бұлар аталған мерзім ішінде жағдайды қалыпқа келтірсе жабылмайтын болады, - дейді Индер аудандық ТЖ бастығының міндетін атқарушы Ізбасар САҚЫПҚАЛИЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 қыркүйек 2011, 01:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.