Атырау, 23 қараша 04:19
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Шамшырақ» балабақшасын қала өз қолына алмақ

3 107 просмотра

Ведомствалық «Шамшырақ» балабақшасы «Атыраубалықты» меншікке айналдыру науқанының құрбаны болды. Осы жылдың көктемінде зауыт басшылығы балабақшаны жауып тастаған еді. Соның нәтижесінде 140 бала далада қалды.

«Балабақшаны 2011 жылдың сәуір айында балаларға мектепке дайындалуға мүмкіндік берместен жауып тастады,-дейді ата-аналардың бірі. – Біресе жөндеуден өтпеген десе, енді бірі СЭС рұқсат бермейді деді. Енді соның салдарынан 140 бала бұрыш-бұрышты сығалап жүр. Бізге, ата-аналарға өте қиын болды. Біз балабақша жетіспей жатқанда барын жауып тастау барып тұрған ақымақтық деп есептейміз. «Атыраубалықты» жекеменшікке беріп жатыр, олардың балабақшамен ісі жоқ. Облыс және қала басшылары қайда қарап отыр».

«Шамшырақ» балабақшасының меңгерушісі Әлия БАХТИЯРОВАНЫҢайтуынша, балабақшаны қаржыландыру мүмкін болмағандықтан жауып, ал, қызметкерлерді (барлығы 34 адам) ақысыз демалысқа шығарған. «Атыраубалық» басшылығы облыстық және қалалық әкімдердің атына балабақшаны бюджет балансына беру туралы хат жолдады. Ол хатқа жауап келді ме, жоқ па,  ол жағынан мен хабарсызбын»,-дейді меңгеруші.

Өкінішке қарай, «Атыраубалық» директоры  Василий КУЗЬМИНМЕН байланысу мүмкін болмады. Біз қалалық әкімдікке сауал жолдадық. Хатымызға қалалық қаржы бөлімі бастығының орынбасары Гүлсара ЖАРЫЛҒАПОВА жауап берді: «Иә, шынында да В.Кузьмин облыс және қала әкімдеріне хат жолдады. Бүгінгі күні қалалық әкімдік жанындағы комиссия балабақшаны қарап, өз қорытындысын берді. Содан кейін қалалық қаржы бөлімі облыс әкімінің атына ведомствалық балабақшаны қала балансына беру жөніндегі мәселені қарауға қатысты хат жолдады. Жауабын күтіп отырмыз. Дегенмен, бізге бұл мәселенің қолдау табатындығы жөнінде айтқан еді, сондықтан да біз «Шаңырақты» өз балансымызға аламыз деп сеніммен айта аламыз».

Бұл үдерістің ұзаққа созыла қоймайтындығына сенімді-міз, сөйтіп, балалардың да өз балабақшаларына қайта оралар күні алыс емес.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген В. Истомин

21 шілде 2011, 00:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.