Атырау, 24 желтоқсан 06:03
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Нұрсаяда қоныс тойы тойланды

3 701 просмотра

Бейсенбі күні Нұрсая мөлтек ауданында кезекті 265 отбасы әуежайға баратын ескі автокөлік тасжолының бойына орналасқан 6 жаңа бес қабатты үйден пәтерлі болды.

Салтанатты жиында облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ биылғы жылы тағы да 2,5 мың жаңа пәтердің берілетіндігін айтты. Аймақ басшысы жаңа пәтер иелеріне таяу арада бұл ауданда мектеп, балабақша және саябақтың бой көтеретіндігін уәде етті.

Қалалық құрылыс бөлімі бастығының орынбасары Тимур НҰРБАЕВТЫҢ айтуынша, келесі пәтердің кілтін тапсыру тамыз айына жоспарланып отырған көрінеді. Жаңа қоныстанған үйдің жанында тағы бес үйдің қаңқасы орын тепкен. Оған қосымша биылғы жылы тағы да Сырым Датов көшесінің бойынан 5 үй, Нұрсая мөлтек ауданынан – 8 үй, Нұрсая мен Жерұйық мөлтек ауданының арасында - 9, облыстық әкімдік жанындағы Құлманов көшесінде (бұрынғы Чапаев) - 3 үй, Ерниязов көшесінің (бұрынғы Тульская) бойынан - 1 және Жарбосынов (бұрынғы Совдеп) көшесінен - 1 үй салынатын болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

23 маусым 2011, 19:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.