Атырау, 2 желтоқсан 01:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Қысқа қайырғанда

2 317 просмотра

Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 5 айы ішінде қаржы полицейлері 50 сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтады. Сотқа 44 қылмыстық іс жолданды. Олар бойынша мемлекетке 229 млн. теңге зиян келтіріліп, оның 224 млн-ы өндіріліп алынған. Көбінесе сыбайлас жемқорлық ауыл шаруашылығы, білім беру және мемлекеттік нысандар құрылысы саласында кездеседі.

Сотта қызмет лауазымын асыра пайдаланған деген айыппен Индер ауданы әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің бастығының істері қаралуда. Қаржы полициясының жорамалы бойынша, шенеуніктер 2009 жылдың қыркүйегінде тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу толықтай аяқталмағандығын біле тұра, орындалған жұмыс актісіне қол қойған.

Х.Досмұхамедов атындағы АМУ жанындағы жағалауда байдарка мен каноэде есу үшін жаңа база пайдалануға берілді. Жаттықтырушы бөлмесі, жаттығу және жаттығу құрылғыларымен жарақталған залдары, себілгі бөлмесі, киім шешетін бөлмесі, киім ілетін жері, қайық сақтайтын қоймасы бар 2 қабатты ғимаратты «СнабОйлСтрой» ЖШС салған. База облыс бюджетіне 49,1 млн. теңгеге шыққан.

№59 «Ақбөбек» балабақшасының директоры мен бас есепшісіне, сондай-ақ Ақсай селолық округі әкімі аппаратының бас есепшісіне қатысты сот отырысы болып өтті. Тергеу ісі анықтағандай, мемлекеттік қызметкерлер ЖШС есеп-шотына заңсыз жолмен ақша аударып, 5,8 млн. теңге ақша жымқырған. ЖШС басшысы әкімдіктегі бас есепшінің жақын туысқаны екен. Істегі барлық тұлғалар шартты түрде үш жылдан жаза алды.

Облыстық сот актілерін орындау департаментінің алимент өндіру жөніндегі бөлім бастығы сотталуда.Оны қаржы полициясының қызметкерлері 150 мың теңге пара алу кезінде ұстаған. Ақша алиментті төлемей жүрген тұлғаны әкімшілік жазаға тарту үшін берілген екен.

Облыстық мәслихаттың 33-ші сессиясында облыс әкімі қала сыртындағы «жолсеріктер резерві» деп аталатын теміржол тармақтарын көшіру жоспары туралы хабарлады. Жолаушылар вагонының тұрағын салу үшін жер бөлініп қойылған. Нысанды көшіру үстіміздегі жылдың тамыз айына белгіленген. Б.Рысқалиевтің айтуынша, ол әзірге болашақта теміржол тұйығының орнына заманауи даңғыл бола ма немесе тұрғын үйлер бола ма, әлі шешпеген екен.

Атырау облыстық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының директоры мен осы мекеменің бас есепшісі 60 мың теңге пара алу кезінде ұсталды. Ақшаны қаладағы ЖШС-дің бірінің директоры Жылыой МЗТО филиалындағы пластик аралықты орнату жұмыстарын қабылдағаны үшін берген екен.

23 маусым 2011, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.