Атырау, 26 қараша 20:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Балық зауыты кімнің еншісінде?

5 662 просмотра

«Бұрынғы В.И.Ленин атындағы балық комбинатының» зейнеткері Орынай ХАСАНОВА «АЖ» газетіне хат жолдапты. Хаттың мазмұны төмендегідей: «Өз уақытында балық қалбыр комбинаты еліміздегі балық шикізатын өңдеу жөніндегі ең ірі кәсіпорынның бірі болды. Оның қызметкерлерінің саны үш мың адамға жететін. Комбинатта жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалды - өзінің балабақшасы, медициналық қосыны, буфеттері мен асханасы, демалатын бөлмелері болды. Комбинаттың ауласында комбинат қызметкерлері үшін дүкен болды. Зауыт балық өнімдерінің бірнеше ондаған  түрін шығарды. Ол өнімдер қаланың түкпір-түкпірінде өз дүкендерінің желісінде сатылды. Мен зейнеткерлікке 2007 жылдан бастап шықтым, бірде осы дүкендерді аралап көрмекші болдым. Олардың барлығы да аянышты күйде, тіпті, «Арман» дүкенінің маңдайшасын алып та тастаған. Мен Атырауда біздің балық дүкендерінің бірде-бір филиалын тапқаным жоқ.

Орынай апайдың хаты мына бір дабылды мәселемен аяқталады: «Зауыттың болашығы бар ма?»

Шынында да бір кездері аты Одаққа танылған кәсіпорын қазір басынан ауыр күндерді өткізуде. «Атыраубалық» АҚ-ның кредиторлар алдындағы бережағы миллиардтаған теңгенің үстінде. Хатта айтылған үш мың адамдық штат айтарлықтай қысқарды, зауыттың қуаттылығы азайды, түсетін пайда бекіре тұқымдас балықтарды аулауға  жарияланған мораторийға байланысты азайды. Бір жылдан аса уақыт бойы зауыт қайта құрылу жағдайында және сол процесске қойылып отырған  уақыттың нақты шекарасы да жоқ. Бір жыл бұрын облыс басшылығы жоғарыда Орынай апайдың алаңдаған мәселесіне қатысты кенет қамқорлық танытқысы келді ме, асығысты түрде «Жайық балық» КМК құрды. Үкімет бұл қадамға асығыс барғанымен, «Қазақстанның балық саласының көшбасшысы» болған кәсіпорын осы саланың қасіретті ескерткішіне айнала ма деп қорқамын (зауыт тарихындағы ең бір ақымақ қадам! – З.Б.).

 

ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН КӨРШІЛІК

Бүгінгі күні кәсіпорын бірыңғай аумақты және қолдағы қуаттылықты ешқандай проблемасыз бөліп алып отыр. Әзірге біреуі («Жайық балық») ақша күтіп, жоспарларын жасауда, енді бірі («Атыраубалық») тыныш қана өздеріне алаңды «босат» дегенше, ағымдағы балық аулауға берілген лимиттерді игеріп отыр. Жергілікті биліктің құрылтайшылармен қалай келіскендігі құпия. КМК АҚ-ның активтерін сатып алады. Оның жалға немесе жәй ғана алып қоя ма, ол туралы зауытта ешкім жақ ашпайды. Тек зауыттың іс жүзінде өзі тұрған учаскесі «Жайық балықтың» меншігі екендігі ғана белгілі. Сондай-ақ, Қазақстанда  мұндай өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорынның ең басты байлығы - оның кадрлары жаңа кәсіпорынның құрылымына енеді. Жаңа компанияның топ-менеджмент құрамына тіпті, осыдан бірнеше жылдар бұрын мықты лауазымдарда еңбек еткен байырғы қызметкерлер де кірген. Бір сөзбен айтқанда, ескі гвардия өз ұстанымын бермеген деуге болады. Әрине, тәжірибе деген бағасыз құндылық, яғни, сыры кетсе де сыны кетпейді деген, бұл шындық. Алайда, олардың кейбірінің  зауыт мүддесімен өз мүддесін шатастырып алатын тәжірибесі бүгінде рефлекске айналған. Ал, ондай рефлекстердің жаңа кәсіпорынға керегі бар ма, міне, мәселе осыда.

«Жайық балыққа» билік зауытты қайта жандандыруды маңызды міндет етіп жүктеді. Сол міндетті атқара ала ма, оны уақыт көрсетеді.

Қайта жандандыруға 9 миллиард теңге салу жоспарланды, оның үстіне бұл ақшаны беруді  премьер-министр Карим МАСИМОВТІҢ өзі көпшілік алдында уәде етті. Оның артынша облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ егер республика ақша бермесе, онда облыстың (КМК құрылтайшысы өзі) өзі қарастыратын болады деп мәлімдеді.

Әзірге үкімет сөзінде тұрып, уәде етілген 9 млрд. теңгенің 3,5 млрд-ын аударды. “Жайық Балық” КМК директоры Қадырбек ҚҰБАЙДОЛЛАЕВТЫҢ айтуынша, флотты игеру жөніндегі тендер де өткен.

... Осылайша Құбайдоллаев Хасанованың соңғы сауалына еріксіз жауап береді - зауыттың болашағы бар және әзірге ақша барда, сондай-ақ,  құрылтайшы болып мемлекет отырғанда ол сөзсіз болады. 

 

ДҮКЕНДЕР БАР

Хатқа қайта оралайық. Біз оны екі компанияға да жолдадық. Оған жауап берген «Атыраубалық» болды. Жоспарлау-экономикалық бөлімнің бастығы Зүбайда ӘЖІҒАЛИЕВА былай деп түсінік береді: «Бүгінгі таңда «Атыраубалық» АҚ 1000 адамды жұмыспен қамтып отырған Атырау облысындағы барынша ірі және маңызды болып саналатын кәсіпорындардың бірі болып отыр. Тұтынушылар сұранысын барынша толық қанағаттандыру үшін компания тұтынушылардың жеке тапсырыстары бойынша өнім шығарады және тапсырыс берушінің шикізатын өңдеу бойынша қызметкер көрсетеді. Басты экспорттаушылардың бірі болып табылатын кәсіпорын мұздатылған көксеркенің жон еттерін, мұздатылған, ысталған  балықты Германия, Ресей, Латвия, Украина секілді елдерге шығарады. Кәсіпорында үнемі балық өнімдерінің жаңа түрлерін жасақтау жұмысы жүргізіледі, ал, оның жоғары сапасы өндірістің барлық кезеңдерін қатаң бақылауға алу есебімен қамтамасыз етіледі. Өнімнің барлығы да сертификатталған. Бүгінгі күні 2 мамандандырылған дүкен жұмыс жасайды: «Арман» (онда маңдайшасын жаңартты) және «Наурыз». Сондай-ақ, біз «Көктем» базарында орынды жалға алып отырмыз. Зауыт «Атаба»  және «Идеал» суперматкеттері желісімен және қаладағы жеке дүкендермен бірлесе жұмыс істейді. Оларға балық өнімдерінің 18 атауын ұсынады.

Хатта аталған «Ақ Жайық» дүкені кәсіпорын аумағында орналасқан және ол бастапқыда-ақ, акционерлік қоғам қызметкерлері үшін кондитерлік дүкен ретінде ашылған еді, ол дүкен балық өнімдерін сатумен ешқашан айналысқан жоқ».

 Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

23 маусым 2011, 19:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.